Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалақыны жұмыс көлеміне қарай төлейді: Атырауда мұнай компаниясының жұмысшылары шу шығарды

Атырауда мұнай резервуарларын шығаратын "Атыраумұнаймаш" зауытының жұмысшылары шу көтерді. Айтуларынша, дау жылдың басында басталған. Зауыт басшылығы жалақыны тек жасаған жұмыс көлеміне ғана төлеу туралы шешім қабылдапты. Мұнымен келіспегендермен қош айтысатындарын ашық айтып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Атыраумұнаймаш" кәсіпорнының дәнекерлеушілері мен монтажшылары мұнай сақтап, тасымалдайтын қазандықтар, коллоналар мен металл конструкциялар шығарады. Айтуларынша, жаңа жылдан бастап жұмыстарынан берекет қашқан. Басшылық 8 сағаттық  еңбекақы төлемін алып тастапты. Есесіне кесімді төлемге көшкен.   

"Бірақ біздің талап ететініміз 5 күндік жұмысымызға, бұрынғы жалақымызға орнына қойсын дедік.  Ақшамыз, жалақымыз уақытында түскені жақсы. Олардан сұрасақ, бізде ақша жоқ, түспей жатыр дейді. Жаңа келесім шартты артқы күнмен шығарып тұр. Бізбен ақылдаспайды. Қол қоясыңдар, қоймасаңдар жұмыстан кетесіңдер дейді", - деді "Атыраумұнаймаш" ЖШС жұмысшысы Руслан Рахимов.

"Жыл сайын жалақы кешігеді. Зейнетақы төлемдері уақытында төленбейді. Медициналық сақтандыру төленбейді. Больничныйға шығып емделейік десек, басшылықтың айтатыны "ақысыз күн алып, ақшаларыңа емделіңдер" дейді. Бірақ бізден ұстап жатыр", - деді "Атыраумұнаймаш" ЖШС жұмысшысы Нұрберген Ғабдуллин. 

Жұмысшылар прокуратураға шағымданыпты. Зауытта құзырлы орган қызметкерлермен жиын да өткен. Бірақ мәселе шешілмек түгілі ушығып келеді, дейді жиналған жұрт. Ал зауыт басшылығы болса, жаңа жүйеге келіспегендерді ұстамайтынын ашық айтты.

"Күн сайын 3-4 адамнан шақырып отырамыз. Келіспеген жұмысшылармен келісім-шартты бұзамыз. Қазіргі кезде ақпан айының 20 пайызын төлеген жоқпын. Наурызды айтпағанда. Ақша жоқ. Сондықтан түрлі әдістер қолданылып жатыр. Менде екі жол бар: адамның санын қысқартып, қалғанына ақша төлеу. Немесе көп жұмыс істеген адамға көп төлейтін дифференциалды төлем қолдану", - деді "Атыраумұнаймаш" ЖШС бас директоры Александр Донсков.

Зауыттағы бұл дауға еңбек инспекциясы араласты. Олар заңнама талаптарына сай жан-жақты тексеріс жүргізбек.

"Арыз негізінде біз тексеріс жүргізіп заңға сәйкестігін анықтаймыз. Сонымен қатар қызметкерлерден қосымша арыз алынды шеттету бойынша.  Оның да заңдылығын анықтаймыз. Инспектордың айтуынша, зауытта еңбек дауы былтыр да тіркелген. 50 адамға жалақысын уақытында төлемей, 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салыныпты", - деді мемлекеттің еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Абылай Қарабеков.

Айта кетейік, "Атыраумұнаймашта" үш жүзден астам адам қызмет етеді. Жаңа жүйе олардың 90-ына ғана есептеліпті.


Атырау қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 06 Сәуір, 2021 21:33
Талқылау