AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалақымызбен отбасыны асыру мүмкін емес": Маңғыстаулық өрт сөндірушілер Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады (видео)

"Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабы" ЖШС-нің "Ақ берен" Маңғыстаулық бөлімінің қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап. 

үндеу

Өрт сөндірушілері видеода айлықтарының 65-70 мың теңге көлемінде екенін айтады. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы 2022 жыл бойынша 60 мың теңге.

"Бұл қаржыға өмір сүру мүмкін бе? Бір ай бұрын басшылық пен президентімізге жалақыны көтеру керек екенін айтып хат жолдаған едік. Бірақ бізді ешкім тыңдамады, енді бейнеүндеу жариялауға мәжбүрміз", - деді қызметкерлердің бірі. 

Өрт сөндірушілер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті. Бұдан кейін жұмыс беруші қызметкерлердің наразылығына жауап беріп, қажетті келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Басшы ретінде бұл айлыққа отбасына асырау мүмкін емес екенін түсінемін. Сондықтан демалыс күндері олар қосымша табыс табуға мәжбүр.Мәселені шешу үшін "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Біз бұл кәсіпорынның нысандарын өртке қарсы жүйемін қамтамасыз етеміз. Мәселе өз шешімін табады деп үміттенеміз", - деді ЖШС басшылығы.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр