Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты": Павлодар облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтудан жалтарды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов аймақ басшысы ретінде қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында есеп беру брифингіне қатысқан өңір әкімі қандай отбасыдан шыққанын  және қысқаша еңбек жолына тоқталды.

"Адамның жалақысы қанша болса да, ол қажеттілікті толық өтеуге жетпейді. Мұны өз тәжірибемнен білемін. Мен қарапайым отбасында өстім. Әкем ауылда қарапайым жүргізуші, кейін комбайн жүргізушісі, гараждың меңгерушісі болды, ал анам ауылда дәрігер-акушер болып тер төкті. 1994 жылы алғашқы жалақым 3 мың теңге болды. Студент кезімнен бастап мен жұмыс істедім. Шетелде білім алдым. 10 жыл қаржы секторында еңбек еттім. 3 жоғары білім алдым. Оның екеуін алу үшін шетелде оқыдым. Сондай-ақ 14 жыл жеке бизнесте болдым”, – деді ол. 

БАҚ өкілінің сұрағына облыс әкімі Байханов толыққанды жауап бермеді. Тек “Өзге әріптестері сияқты аламын” деп қысқа қайырды. 

“Жалақым басқа әріптестерімдікі сияқты. Сіз сұрақ қойдыңыз, мен жауап бердім", – деп жауап берді әкім. 

БАҚ өкілі облыс әкімінің сұрағын нақтыламақшы болғанымен, оған мүмкіндік берілмеді. Алайда сұрақ қоюға шыққан тағы бір журналист әкімнің жалақы көлемін атауын сұрады. Асайын Байханов бұл сұраққа амалсыздан жауап берді.  

"1 миллион 700 мың теңге жалақы аламын", – деді Асайын Байханов

Талқылау