Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалақы дауы: Атырауда автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

18 сәуірде Атырауда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай, уәде етілген жалақыны көтеруді талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақжайық автопаркі" ЖШС директоры Қуантай Қалманның айтуынша, әкімдік 2023 жылдың қаңтарынан бастап жолаушылар автобусы жүргізушілерінің жалақысын көтеру үшін субсидия бөлуге уәде берген.

Алайда, депутаттар отставкаға кеткен соң бюджеттен қаржы бөлу наурыздың аяғына, сәуірдің басына шегерілген.

"Сайлау аяқталды, жүргізушілер депутаттар сайланған соң тағы 10 күн күтті. Ал бүгін олар ескертусіз жұмысқа шықпады. Мен жүргізушілермен сөйлестім, бүгін сағат 21:00-де жиналыс болады деп уәде бердім, қазір автобустар өз бағыттарына шықты", - деді Қуантай Қалман.

Бұл кәсіпорында 220 жүргізуші жұмыс істейді, 125 автобус күнделікті рейске шығады, олар 18 қалалық және қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсетеді.

2-ден 2-ге кесте бойынша 11 сағат жұмыс істейтін жүргізушінің орташа жалақысы 240-250 мың теңгені құрайды екен. Барлық шегерімдерден кейін жүргізушілер 195 мың теңге алады. Үстеме жұмыс уақытымен – 220 мың теңге.

"Әкімдікпен келіссөздер жүргізілді, жалақы сәуір айынан бастап өсетінін айтты. Жалақы 320 000 теңгені құрайды, барлық шегерімдерден кейін жүргізушілер орта есеппен 250 000 теңге алады, ал қосымша жұмыс істеген жұмысшылар 290 000 теңге алады”, – деді Қуантай Қалман.

 

Талқылау