Жалақы 2,4 миллион теңге: Алматы облысының әкімі еңбекақысының қандай талаптарға сәйкес тағайындалғанын айтып берді
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2,4 миллион теңге жалақысының қандай критерийлерге қатысты белгіленгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялық қызметтер алаңында өткен брифинг барысында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қалай белгіленетінін айтып берді.
“Мемлекеттік, әкімшілік және саяси қызметкерлерге жалақы тағайындау ережесі барлығына бірдей. Мұнда еңбек өтілі мен лауазымы ескеріледі. Сонымен қатар қызметінің ауыртпалығы мен жұмыс көлемі де есепке алынады. Сондықтан өзге әкімдерден жоғары деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бәлкім аударылатын қаржы мен қолына қанша қаржы түсетінінде айырмашылық бар шығар”, – деп түсіндірді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев лауазымға келгелі сыйақы мен бонустарсыз жұмыс істеп жүргенін айтқан еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан