Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақып Асанов өзіне қысым көрсеткен облыс прокурорларының сазайын бермек

Бүгін еліміздің Бас прокуроры өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтып, тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы КТК арнасы кешкі жаңалықтардан хабарлады.

286b820c-cf1b-4c77-9bf9-b2f4ed4ce9c1

Фото: today.kz

Бір қызығы, оған мінез көрсетіп жүрген саясаттағы ықпалды шенеунік емес, қарамағындағы 2 бірдей облыстың прокуроры екен. Ашуға мінген Асанов олардың сазайын беретінін бүгін көптің көзінше айтты.

“Облыстық екі прокурор мазасын алмауым үшін қысым көрсеткісі келді. Мұны әзілсіз айтып отырмын. Олардың басында проблема болады. Мұндайды қою керек”, – деді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Бірақ Асанов өзіне қай облыстың прокурорлары қысым көрсеткенін ашып айтқан жоқ. Тіпті қарамағындағыларына тиісе бермеуін өтінген ортадағы лауазымды саясаткердің атын да атамады. Тек тамыр-таныстарына сеніп, басшыларына бағынбағандарды үлкен проблема күтіп тұрғанын қатаң ескертті.

Осыған қарағанда, жаппай кадрлық тазарту жүргізіп жатқан Асановтың бастамалары қоластындағыларға жақпайтын секілді. Ал бұған дейін Бас прокурор Қарағанды облысының прокурорын қызметтен қуған болатын. Қазір былыққа батқан Ақмола облысымен айналысып жатыр екен. Сондықтан, тәртіпті қалайтын Асановқа қоқан-лоққы жасаушылардың қатары тағы артуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Неміс маманы Рахат Әлиевтің кісі қолынан қаза тапқанын жариялады

Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады

Талқылау