Жақындары Гүлзира Айдарбекованың туған күніне ерекше тосынсый жасады (видео)
Қайрат Нұртастың анасы – 50 жаста! Үш ұл тәрбиелеп, төрт немеренің әжесі атанған Гүлзира Айдарбекова дәл бүгін меншікті мерекесін тойлауда. Мерейлі жасқа келген Гүлзира Үсенқызы туған күнін дүркіретіп атап өтпек, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Түнгі сағат 12-де отбасы мүшелері мен ет жақындары танымал продюсерді туған күнімен құттықтап, ерекше тосынсый жасады.
“Осындай жақындарымның барына мың да бір шүкір және қуанышымды бөлісетін сіздердей оқырмандарымның мына өмірімде бар болғанына сансыз шүкір”, – деп қуанышын жеткізді Гүлзира Үсенқызы желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, танымал продюсер 50-ді еңсергеніне сене алмаса керек-ті.
“Балаша мәз болып тұрғанымда, жасымды естіп қорқып кеткендей 50 ма деппін ғой. Сөйтсем дәл 25+25 екен”, – деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы.
Оқи отырыңыз:
Қайратты 18 жасында үйлендірген анасы кенже ұлының ерте шаңырақ көтеруіне қарсы шықты
Сарапшылар авиаотын бағасы түскенде әуе билеттері арзандайтынына күмән келтірді
Энергетика министрлігі отын бағасын 940 долларға дейін түсіргенін мәлімдеген
"3,8 миллиард теңге бөлген": "Қызылжар" ФК олигарх Сергей Канның жекеменшігіне өтсе де, мемлекеттен қаржы алуын тоқтатпады
Спорт басқармасы: "2026-2028 жылдары мемлекеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен азайту жоспарланған"