Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсылық Досқалиев: Бүгін өлсем барлық қажет жерге ағзамды берер едім

Біраз жыл денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған, республикаға танымал трансплантолог, хирург Жақсылық Досқалиев донор болуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170621165639

Қазіргі кезде Ұлттық трансплантология орталығының директоры қызметін атқаратын Жақсылық Досқалиев, бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Бұл жерде қандай да бір жемқорлық әрекеттің орын алуы мүмкін емес. Мидың өлі не, тірі екенін анықтап беретін әдіс те, аппарат та бар. Әрі шешімді бір емес, бірнеше дәрігер бірігіп отырып шығарады. Бұл ретте кез-келген адам донор бола алмайды, ол үшін арнайы тексеру арқылы оның гистологиялық сәйкестігі анықталады. Мысалы, мен өзімнің емханама барып келісім беретін құжатқа қол қойдым. Яғни, бүгін өлсем де барлық ағзаларымды қажет адамға беремін”, – деді Досқалиев.

Ақтөбедегі бүйрек ауыстыру оқиғасынан кейін, өлімнен кейінгі донорлыққа қатысты дау өршіп, тіпті кейін бұған денсаулық сақтау министрінің өзі араласқан болатын. Ал Ақтөбеге келген Жақсылық Досқалиев, қайтыс болған Серікболсын Көшербайдың отбасына арнайы барып көңіл айтып шықпақ.

Оқи отырыңыз:

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Балалардың ойнап жүрген фиджет спиннер ойыншықтары зиян ба?

Қытайдан Қазақстанға әкелінетін дәрі-дәрмек саны 30 есеге артты

Хирургтар ақтаулықтың асқазынан екі қасық алып шықты

Талқылау