Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақсы жаққа өзгеруге ұмтылуда": "Қазпошта" АҚ объектілерінің біразы күрделі жөндеуді қажет етеді

"Қазпошта" АҚ – еліміздегі ірі жұмыс берушілердің бірі. Қазіргі кезде компанияда 20 000-ға жуық адам қызмет етеді. "Қазпошта" АҚ-ның меншігінде 1 543 объект (қалалық және ауылдық бөлімшелер, сондай-ақ поштамттар), оның ішінде 2 624 жалға алынған объект бар. Бұл шалғай ауылдарды қосқанда, еліміздегі өте үлкен желі.

Stan.kz Қазақстандағы “Қазпошта” бөлімшелерінің жағдайы туралы компанияға сұратым хат жіберіп, жауап алды. Ұлттық пошта желісі бөлімшелердегі инфрақұрылымдық желі объектілерінің біразы күрделі жөндеуді қажет ететінін мойындайды.

“Негізгі міндеттердің бірі – жалақыны өсіру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және инфрақұрылымды жаңарту. 2023 жылы компания COVID-19 пандемиясынан бері 2022 жылғы 12,5 миллиард теңге көлеміндегі шығынмен салыстырғанда 2,4 миллиард теңге тауып, алғаш рет табысқа кенелді. Бар табыс желіні жаңартуға, жалақыны индекстеуге және акционер - "Самұрық-Қазына" қорына дивидендтер төлеуге жұмсалады”, – делінген хабарламада. 

2024 жылы компанияның 66 объектісін күрделі және 94 объектісін ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қазіргі кезде 81 объект қолға алынды. Қалғандары шарт жасасу сатысында. 2025 жылы "Қазпошта" АҚ 122 бөлімшені, 2026 жылы 181 бөлімшені және 2027 жылы 176 бөлімшені жөндеуді жоспарлап отыр.

“Осы уақытқа компанияның барлық инфрақұрылымды бір мезгілде жаңартуға мүмкіндігі жоқ. Жөндеу жұмыстары жалақыны өсіру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және инфрақұрылымды жаңарту сияқты міндеттерді ескере отырып, қолда бар қаржы ресурстары шеңберінде жоспарлы түрде жүргізіледі. Қазпошта жақсы жаққа өзгеруге ұмтылады”, – дейді компаниядан. 

Талқылау