"Мен де қарсы емеспін": Оқу-ағарту министрі 1 қыркүйекті демалыс күні ету ұсынысын қолдайтынын айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекті демалыс күні ету туралы ұсынысты қолдады. Айтуынша бұл ата-аналардың білім күніне арналған мектеп жиынына келуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Министр қоғамда қызу талқыланып жатқан ұсыныс егер жеткілікті қолдау тапса, оны жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін алға тартты.
"Егер маған нақты негізбен ұсынсаңыздар қолдауға дайынмын. Меніңше, бұл күнді күнтізбенің демалыс күні ету жақсы идея. Бұл қызықты ұсыныс. Егер қоғам қолдаса, әрине мен де қарсы емеспін", – деді министр.
Бейсембаев сондай-ақ бұл бастаманы ілгерілету үшін петициялар тетігін пайдалануға болатынын атап өтті.
Әзірге 1 қыркүйек жұмыс күні болып қала бермек. Дегенмен министрдің қолдауы мен көпшіліктің қызығушылығы сол күннің мәртебесін өзгерту жолындағы маңызды қадамдар болуы мүмкін.
Еске салсақ, оқу-ағарту министрі “биыл алғашқы қоңырау жексенбі күні өте ме” деген сауалға жауап берген еді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді