Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақсы адамдарға беремін": Шымкентте баласын саудалайтындар пайда болды

Әлеуметтік желілерде таңқаларлық жарнаманың фотосуреті пайда болды. Онда Агата есімді қызды біреу жақсы адамдарға беретінін жазып, жарнамалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фотосуреттің астында QR коды бар. Жарияланымның авторының сөзіне қарағанда, ол қолданушыларды қалалық ғимараттардың бірінің мекенжайы бар бетке бағыттайды.

"Бұл қалжың ба?", "Жоғалып кеткен, өлген балалар көп кезде бұл сәтті қалжың емес", "Бейшара баланың саудасы ма?, Полиция істі тексеріп жатыр ма?", - деп желі қолданушылары шу шығарды.

Аталған факті бойынша полиция "адамдар саудасы" бабы бойынша іс қозғады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2020 12:42
Талқылау