Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында ғана түрмеден босатылған Кентау қаласының экс-әкімі қайтадан колонияға қайтарылды

Сот жазасын жеңіл жазаға ауыстырған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажанов жазасын одан әрі өтеу үшін колонияға қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2022 жылдың шілдесінде Мақажанов миллиондаған доллар пара алғаны үшін өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынып, жалпы режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін Қонаев қаласының соты оның жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Экс-әкім 2 қарашада қамаудан босатылды.

Алайда Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы төменгі соттың шешімін бұзды. Жаңа қаулы орындау үшін Астана полиция департаментіне жіберілді.

"Бүгінгі жағдай бойынша, Дәурен Мақажанов жазасын одан әрі өтеу үшін ішкі істер министрлігі Түзеу мекемесінің №64 мекемесіне жеткізілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады сот.

Айта кетейік, былтыр ғана 10 жылға сотталған Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажанов 2 қараша күні түрмеден босатылды. Бұрынғы шенеунік 1 миллион 988 мың теңге айыппұл төлеп, бостандыққа шыққан.

"Осы жылдың 8 қыркүйегінде Қапшағай қалалық сотының бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен ауыстыру туралы қаулысы негізінде сотталушы Д.Махажанов Заречный кентіндегі №57 мекемеден шығыарылды", – деп хабарлады Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері.

Талқылау