"Жақында бүкіл қалаға таралады": Шымкенттегі көпқабатты үйлер егеуқұйрықтардың мекеніне айналды
Шымкентке егеуқұйрықтар шабуыл жасап жатыр. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде түрлі видеолар жариялап жатыр. Бір үйдің тұрғындары егеуқұйрықтардан қорғану үшін кіреберістегі қоқыс жәшіктерін дәнекерлеп, қоқыс құбырының есігін құлыптап тастапты. Алайда, ешбір пайдасы болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Күресуге тырысып бақтық. Тіпті, уладық та. Бірақ оның бәрі уақытша әсер етті. Біраз уақыттан кейін олар қайтадан пайда болады. Өңдетік те. Ал нәтижесі мынадай", - деді Шымкент тұрғыны Ринат Бердиев.
Егеуқұйрықтар тіпті үйдің кіреберісінде қаптап жүр. Ал бұл үй қаланың ортасында орналасқан.
Егеуқұйрықтың ұрғашысы жылына 8-9 ұрпақ береді. Сондықтан, олардың өзге аулаларға өтіп, кейін бүкіл қалаға таралуына аз ғана уақыт қалды, дейді тұрғындар.
Шымкентте қоқыс контейнерлері, полигодар, қала сыртындағы каналдар мен өзендердегі улау жұмыстары жылына екі рет жүргізіледі. 2020 жылы кеміргіштермен күресу үшін бюджеттен 49 млн теңге бөлінген. Бірақ жоспардың ішінде көпқабатты үйлердегі егеуқұйрықтарды жою жоқ.
"Жұмыс жүргізілуі керек, оның ішінде көпқабатты үйдің тұрғындары да қатысуы керек. Мен қазір көріп тұрмын, былтыр да осындай болған. Біз кәсіпкерлерден өтініп көреміз, олар қоқыс контейнерлерімен қоса осы жерді де өңдейді", - деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Манарбек Ержігітов.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
