Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында кездестік: Тәуекел Мүсілім алғашқы махаббаты жайлы айтты

Тәуекел Мүсілімнің ең алғашқы махаббаты мектеп шағынан басталады. Сүйкімді сыныптасы актердің бала махаббаты еді. Бүгінде дос болып араласады.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

Тәуекел мектепте Данара есімді қызды жақсы көргенін мойындады. Ол қыз әлі де тұрмысқа шықпаған. Қазір елордада мемлекеттік қызметте істейді.

"Данара есімді пысық қыз бар еді. Мен ғана емес, жігіттердің бәрі жақсы көретін. Сабақты жақсы оқитын. Биді де билейді. Мектепте балалар сабақты жақсы оқитын қыздарды ұнатады ғой. Данараны кейін көрдім. Сыныптастар болып кездестік. Сонда оны ұнатқанымды айттым. Ол тұрмысқа шықпаған шығар әлі. Қазір мемлекеттік қызметте. Астанаға келгенін айтқан. Желіде сыныптастардың чаты бар. Содан көріп тұрамын", - деді актер. 

Данара елордада жұмыс істеп жүр. Мемлекеттік қызметкердің этикасына сай эфирге шығып, Тәуекел жайлы айтудан бас тартқан. Алайда бұрынғы өзіне ғашық сыныптасына дұғай сәлем жолдады. 

Актер сұхбаты барысында әкесін еске алды. Көз жасына ерік берген әкесімен қоштасқан сәтін айтып берген еді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 14 Қаңтар, 2021 16:26
Талқылау