42500 теңге әлеуметтік көмек тағайындайтын жүйе істен шықты
42500.enbek.kz әлеуметтік төлемдер алуға өтінімдер берудің ресми порталы пайдаланушылардың көп болуына байланысты істен шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгіннен бастап Қазақстанда карантиндік шектеулерге байланысты табыстарынан айрылған адамдар үшін 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініштер қабылдау басталды.
Өтінімдер қазірдің өзінде қабылданып жатыр, бірақ қазіргі уақытта өтініш берушілердің көптігіне байланысты жүйе арқылы сұраныс беру мүмкін емес.
"Сайтқа жүгінген адамдар санының көптігіне байланысты қазір барлық бос ресурстар істен шықты. Қазір біздің сайтта бір уақытта шамамен 25000 адам өтініш беруде. Барлық өтініштер қабылданады. Өтініштеріңізді біраз уақыттан кейін қайта бере аласыздар", - делінген сайттың басты парағында.
Еске сала кетсек, өтініштер 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн