Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл бастамасы ғана": Ғалымдар әлемдегі мұхиттардың рекордтық деңгейде ысығанына алаңдаулы

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдері биыл әлемдегі мұхиттар рекордтық деңгейде ысығанын айтып, дабыл қағуда. Мәселен осы жазда Атлант мұхитының өзінде судың температурасы шілдеде 38,5 градусқа жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғылымдар бұл мәселеге алаңдаулы. Жаңа деректер жаһандық жылыну үдеп келе жатқанын және бұрынғы болжамдардың орындалмайтынын көрсетеді. Бұл планетаның климатымен күресу шараларын қайта қарау керек екенін білдіреді.

"Ғалымдарды мұхит температурасының көтерілу қарқыны және теңіз мұзының азаюы қатты алаңдатады. Өйткені мұхиттар парниктік газдардың әсерінен атмосфераға адамдар бөлетін артық жылудың 90% -дан астамын өзіне сіңіретінін есте ұстауымыз керек. Солтүстік Атлантикадағы судың температурасы бұрын-соңды болмаған жылыну көрсеткішін көрсетті. Біздің модельдер болжағаннан әлдеқайда жоғары. Бұл экожүйеге, балық шаруашылығына және ауа райына әсер етеді", - деді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның климатты зерттеу бөлімінің басшысы Майкл Спроу.

Бақыланбайтын парниктік шығарындылар мұхиттарды қыздырып, мұздықтардың еруіне әкелуде. Еріген тұщы су, өз кезегінде, Солтүстік Америка материгі мен Еуропаның жұмсақ климатын қамтамасыз ететін ең маңызды мұхит ағындарының айналымын бұзады.

Даниялық ғалымдардың айтуынша, температураның жоғарылауы 2050 жылға қарай Гольфстримнің жұмысын тоқтатады. Солтүстік-батыс Еуропаның климаты күрт континенттік қысы қатал, жазы құрғақ болады. Ал оңтүстікте жабылған жылы және ылғалды ауа массалары муссондарға және тропиктік жауын-шашынның қарқындылығына әсер етеді.

"Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде болып жатыр. Соның салдарынан жан түршігерлік жағдайлар болып жатыр. Бұл бастамасы ғана. Жаһандық жылыну дәуірі аяқталып, жаһандық қайнау дәуірі басталды. Төтенше ауа райы қалыпты жағдайға айналып барады. Барлық елдер бұған жауап беріп, өз халқын аптап ыстықтан, өлімге әкелетін су тасқынынан, дауылдан, құрғақшылықтан және өрттен қорғауы керек. Миллиондаған адамдардың өмірін климаттық апаттан құтқару үшін бейімделуге инвестицияның жаһандық өсуінің уақыты келді", - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

2023 жылдың шілдесі бүкіл әлем бойынша температура рекордтарын жаңартты. Климаттық проблемалар ертеңгі қорқынышты оқиға емес, қазіргі шындық екенін көз жетуде. БҰҰ Бас хатшысы климаттың өзгеруімен күресу сән-салтанат емес, қажеттілік екенін еске салды. 

Талқылау