Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таза ауамен демалыңыз: Zepter жаһандық қауіптің тиімді шешімін ұсынады

БҰҰ адам денсаулығына және планетаға төнген қауіптердің бірі ауаның ластануы деген болатын. Қазірдің өзінде әлем жұртының 90%-ға жуығы ластану деңгейі рұқсат етілген нормадан асып кететін ауамен тыныстайды екен. Соның салдарынан жыл сайын сегіз миллионнан астам адам көз жұмады. Дегенмен бұл мәселенің шешімі бар және ол туралы толығырақ материалымыздан оқи аласыздар.

Алысқа бармай-ақ, Алматы қаласын алайық. Мегаполис әлемдегі экологиясы ең қауіпті 100 қаланың қатарына кіріп, 2019 жылы 95-орынға орналасты. Қазгидрометтің мәліметінше, наурыз айының басында Алматыда ластаушы заттардың шегі рұқсат етілген концентрациясынан 367 есе көбейіп кеткен. Ал ауасы ең лас қала бөлігі Түрксіб ауданы екен.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл са­йын атмосфераға түрлі ста­цио­нарлық көздерден 2,5 миллион тоннадай, ал автомобильдердің улы газдарынан 1 мил­лион тоннадан асатын зиян­­ды заттар шығарылады. 

Ауаның атмосфералық ластануының ең үлкен көздері – зауыттардың, өндіріс орындарының, электр станцияларының және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық түрлері. Мегаполистердің тұрғындары көбінесе көліктердің көптігіне байланысты олардың ауа қабатына шығаратын улы газдарына шағымданады. Көктем мезгілінде бұл мәселелерге қосымша тыныс алу процесін қиындататын аллергендер қосылады. Алайда ластанған ауа тек сыртта ғана емес, сонымен қатар үй ішінде де болады.

Не себепті іштегі ауа сырттағы ауаға қарағанда лас?

Ауаның ластануы дегенде барлығымыздың көз алдымызға далада қою қара түтін, көліктерден бөлінетін зиянды газдар елестейді. Дегенмен көп жағдайда үйдегі ауаның ластануы жайлы естен шығарып жатамыз. Неліктен? 

Біріншіден, біздің баспанамыз сыртқы ортадан толық оқшаулана алмайды. Автомобильдердің түтіні, өсімдіктердің аллергенді тозаңдары, патогендік саңырауқұлақтардың споралары және басқа да ластаушы заттар терезелер мен есіктерді ашқан кезде оп-оңай үйімізге енеді. 

Екіншіден, үйдің ішіндегі ауа бір қарағанда ойыңызға келмейтін дүниелермен ластануы ғажап емес. Біз пайдаланатын әртүрлі құралдар бөлмедегі ауаның таза болуына 100% кепілдік бермейді. Атап айтсақ: 

  • Үйді тазалау кезінде қолданылатын тазартқыш, жуғыш заттар
  • Ауа сергіткіштің барлық түрлері
  • Интерьер заттары мен кейбір жиһаз бөліктері
  • Бояулар мен желім түріндегі заттар
  • Косметика.
  • Шамдар, түрлі хош иісті таяқшалар.
  • Бөлмені желдетпеу және жоғары ылғалдылық.

Бір қарағанда назар аударатын дүние емес. Әсіресе қыста пәтерді ұзақ уақыт желдетпесе, барлық иістер, химиялық және басқа заттар ауада, жабық бөлмеде қалады.

Үшіншіден, бөлмедегі зиянды бөлшектердің ағзамен өзара әрекеттесу қарқындылығы өте жоғары. Өйткені жабық кеңістіктерде уақытымыздың 90%-ын өткіземіз. Сондықтан бөлмедегі ауаның ластануы біздің денсаулығымыз үшін әлдеқайда қауіпті. Токсиндермен ұзақ уақыт әрекеттесудің нәтижесінде адамда барлық аурулар пайда болуы мүмкін. Оның ішінде:

  • демікпе;
  • тыныс алу жолдарының аурулары;
  • тамақтың үнемі қышу сезімі;
  • шырышты қабықтың тітіркенуі (көзден, мұрыннан су ағу);
  • респираторлық аурулар;
  • жүрек-қан тамырлары аурулары;
  • өкпенің қатерлі ісігі;
  • аллергия.

Аллергиясы бар жандар үшін ауа сапасы бәрінен маңызды. ДДСҰ дерегінше, үлкен қала тұрғындарының 60%-ына дейін белгілі бір аллергияға шалдыққан. Олардың жағдайы әсіресе көктемнен жаз аяқталғанша асқына түседі. 

Күз басталғанда аллергия маусымы қайтқанымен, азаматтар келесі мәселемен бетпе-бет келеді. Бұл жолы температураның төмендеуінен тұмау, суық тию сынды маусымдық аурулар пайда бола бастайды.

Үйде ауаның таза болуы үшін не істей аламыз?

1. Үйдегі ауа ластанбас үшін асбест, формальдегид, фенол, хлор, аммоний, анионды белсенді заттар, нитробензол, нафталин сияқты компоненттерді қолданбаған жөн. Оның орнына зиянсыз баламаларын таңдауға болады. Мысалы, ДСП жиһазының орнына табиғи ағаштан жасалған жиһаз, мұнай-химия компоненттерінен алынған химиялық заттардың орнына өсімдік сығындыларынан алынған тұрмыстық химия және тағысы тағы бар. 

2. Жабық кеңістікке шашылған аэрозольдердің бөлшектері бөлмедегі ауада сақталатыны және олардың үй жиһаздарына барып қонатыны белгілі. Сол себепті ауа сергіткіштердің пайдасына күмәнмен қараған абзал. Өйткені оның құрамындағы улы заттар пәтерге жиналып, объективті зиянын тигізеді. Аэрозольдерді қолдануды азайтқан дұрыс немесе олардан мүлдем бас тартқан жөн.

3. Баршамыз өсімдіктер ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оның орнын оттегімен байытатыны есімізде. Кейбір бөлме өсімдіктері токсиндерді шығарып, ауаны тазалайды. Бірақ кейбіреулерінің тозаңы аллергия тудыруы мүмкін. Әсіресе, герань, азалия, диффенбахия, папоротниктер сияқты өсімдіктер. 

4. Бөлмелерді үнемі желдету зиянды заттардың, бактериялар мен вирустардың концентрациясын төмендетеді, ауаны оттегімен және теріс иондармен қанықтырады. Температура мен ылғалдылықты оңтайландыруға, жағымсыз иістерді кетіруге мүмкіндік береді. Алайда әрдайым сіздің ойлағаныңыздай болмауы мүмкін. Өйткені далада зауыт немесе автомобиль жолы жақсы болса, сырттан кіретін ауаның пайдасы шамалы. 

Ауа тазартқышты пайдалану

Алғашқы ауа тазартқыштар XIX ғасырда патенттелген. Бүгінгі таңда кез келген талғамға лайықталып жасалынған ауа тазартқыштарды табуға болады. Үйде сапалы микроклиматты құру және оны үнемі сақтау үшін сапалы ауа тазартқыштар пайдаланған дұрыс. Бірақ бұған дейін оны қолданудың артықшылықтарын айтып берейік: 

  • Үйдегі барлық зиянды бөлшектерден құтылу мүмкіндігі артады. Бұл адам ағзасын қорғауға көмектеседі.
  • Аллергиялық реакциялардың кемітуге немесе оларды толығымен жоюға септігін тигізеді. Аллергиямен ауыратындар мен демікпеге шалдыққандардың тыныс алуын жеңілдетеді.
  • Жабық бөлмедегі ауа балғын, таза болып, кең тыныс алуға жол ашылады.
  • Есте сақтау қабілетін күшейіп, шаршау сезімі жоғалады.
  • Респираторлық инфекцияларды қабылдау қаупі айтарлықтай төмендейді.
  • Шаңды және тозаңды ауадан құтылу нәтижесінде бөлмедегі заттардың көгеріп кету жағдайлары мүлде болмайды. 

Біздің шешім: Therapy Air® iOn

Әлемнің 40 еліне танымал Zepter компаниясының сапалы Therapy Air® iOn құрылғылары сіздің тыныс алуыңызды жайлы етіп, бөлмедегі ауаны әртүрлі ластаушы заттардан қорғайды. Ауа тазартқыш демікпе, бронхы аурулары, аллергия және бас ауруы бар адамдарға жақсы көмектеседі. Құрылғыдан ешқандай да дыбыс шықпайды. Кешкісін түнгі режимді таңдау арқылы мүлде дыбыссыз қылуға болады.

Therapy Air® iOn құрылғысы 5 түрлі ауа тазартқыш сүзгімен жабдықталған: 

  • Антистатикалық сүзгі – үлкен шаң бөлшектерін, көгерген аумақтарды, шашты, қайызғақты, үй жануарларының жүнін және тағы басқа заттарды өзіне жинайды. 
  • Бактерияға қарсы сүзгі – ұсақ шаң бөлшектерін, бір микроннан асатын бактерияларды, тозаңдарды жояды. 
  • HEPA сүзгі (Н13) – шаң мен темекі түтінінің ең ұсақ бөлшектеріне дейін сорып алады, сондай-ақ инфекция қоздырғыштарды жояды. 0,3 микрон өлшемдегі ұсақ шаң-тозаңдардың бөлшектерін 99,97%-ға жинайды. 
  • аллергияға қарсы қорғаныс сүзгісі – күміс, апатит ( минерал түрі) және бактерияға қарсы қоспадан тұрады. 
  • көмірді дезодорациялайтын сүзгі ерекше қасиеттеріне байланысты тағамның иістерін, улы газдарды және кез келген жағымсыз иістерді оңай сіңіреді. 

Компания ұсынатын тағы бір құрылғы Therapy Air Smart – ауадағы зиянды бөлшектерді, патогендерді және улы газдарды 99,9%-ға тазалайды. Therapy Air Smart сүзгілері 360 градусты қамти отырып, бактерияларды, вирустарды, қоздырғыштарды, шаңды, аллергендерді, тозаңды, түтінді, зеңді, иістерді және басқа да ұсақ бөлшектерді кетіреді. 

Ол сондай-ақ ауа тазартқыш тұмаудан және дене қызуының көтерілуінен қорғайтын көрінеді. Сонымен қатар бұл құрылғы SARS-CoV-2 сияқты ауадағы вирустарды жоятыны туралы сертификат алған.

Үйде немесе жұмыс істейтін орныңызда Therapy Air Ion және Therapy Air® Smart құрылғыларын пайдалануға болады.

Ал сыртта жүргенде қалай қорғанған жөн?

Бұл үшін Zepter компаниясы арнайы жеке MyIon ауа тазартқышын қолданған жөн. Оны кез келген уақытта және кез келген жерде өзіңізбен бірге алып жүруге болады. MyIon вирустар, аллергендер, PM бөлшектері, түтін және шаң сияқты ластаушы заттарды сіздің жеке кеңістігіңізден ығыстырады. Ауа тазартқыштың салмағы небәрі 25 грамм, бұл оны кез келген жерде алып жүруге мүмкіндік береді. 

Бетперделер бізді тамақ ішкенде, спортпен шұғылданғанда немесе косметологқа, тіс дәрігеріне барғанда түрлі инфекциялардан қорғай алмайды. Бұл тұрғыда Mylon ауа тазартқыштарын қолдану керек. 

Айта кетсек, 26-28 қазан аралығында Zepter.kz сайтынан тауарларды STAN промокодын пайдалану арқылы жеңілдікпен сатып ала аласыздар. Ол үшін себетте Stan промокодын қолдану қажет. Өзіңізді қызықтырған сұрақтар бойынша 3040 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 26 Қазан, 2022 08:00
Талқылау