AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жахан Отарғалиев бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты

Жахан Отарғалиев бірінші әйелімен не үшін ажырасқанын айтты. Бір кездері некесі сәтсіз аяқталған актер ұзақ уақыт бойы үйленбей жүруінің себебін де түсіндірді. Бұл туралы Жахан Ернар Сакуповтың арнасында жарияланған "Шучу" подкастында әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Отбасын құрып, ажырастым. Ажырасуымның ең негізгі себебі, жұмыс, анау-мынау деп, отбасыма жеткілікті дәрежеде көңіл аудармадым. "Аузы күйген үрлеп ішеді" дейді. 

Екінші рет кәдімгідей үрлеп жүрмін. Барынша көңіл бөлуге тырысамын. Жиі хабарласып тұрамын", – деп ағынан жарылды Жахан.



Иә, бір рет қателескен актер өмірлік жарын ұзақ күткен. Ол жасы 35-ке жақындаған шағында Балжан Бидашпен шаңырақ құрды. Былтыр желтоқсан айында некелескен Жахан мен Балжан карантиндік шектеулерге байланысты үлкен той жасаған жоқ. Ал сонша уақыт жалғыз жүруінің себебін актер былай деп түсіндірді: 

"Ешкімді ұнатпадым, тартпады. Сондай адам іздедім. Жасым 35-ке келсе де, махаббатпен үйленгім келді. Сол сәтті күттім". 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр