Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағымды пікір үшін 125 млн бөлген: Нұр-Сұлтан әкімі жағдайды түсіндірді

Әкімдіктің имиджін көтеруге арналған тендер идеясы үшін астана әкімдігінің басқарма басшысы жазаланды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ағымдағы жылдың мамырында әкімдік имиджін көтеру үшін 125 млн теңге қаржы бөлінгені туралы жазылған болатын. Тендер құжатында әкімдіктің имиджін жақсарту туралы жазылған. Ол жерде әлеуметтік желідерде және ақпараттық алаңдарда жағымды пікірлер қалыптастыратын мәліметтер жариялау туралы жазылған. Әкімдік не үшін мұндай шараларға қыруар қаражат жұмсайды?" - деген сұрақ қойылды. 

"Мен де дәл осы сұрақты қойдым. Мұның бізге не қажеті бар? Бұл қажетсіз дүние. Сондықтан мұны ойлап тапқан бөлім басшысы жауапқа тартылды. Кейбір БАҚ ақпаратты дұрыс түсіндіре алмады. Қазір келсімшарт бұзылды. Барлық шара тоқтатылды. Имиджді көтеру үшін көк тиын да қарастырылмаған. Шешілмеген басқа да мәселелер жетіп артылады", - дейді қала әкімі. 

Сонымен қатар, әкім мемлекеттік тапсырыстың не себепті қажет екенін айтты. 

"Пандемияның асқынған кезінде көп жұмыс жасалды. Бейнеролик түсірдік, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, дәрігерлер сабақтарын өтті, мамандар өрт қауіпсіздігі туралы баяндады. Бұл жұмыстың барлығы мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асып отырғанын түсіну керек", - дейді қала әкімі. 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен келісімшартқа отырғанын, барлығы заңды түрде жүзеге асып жатқанын жеткізді ол. 

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпаратты біздің аудиторияға жеткізу тұрғысынан қарастырылуы керек. Мен қосымша шығындар қажет емес деп санаймын. Алайда халықты ақпараттандыру өте маңызды", - дейді Көлгінов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр