"Жағдайым жақсы болса, шықпас едім": Ақтөбеде Қаңтар оқиғасы кезінде әкімдікте тәртіпсіздік жасады деп айыпталушылардың бірі сотта оқиғасын баяндады
Ақтөбеде өткен жылдың қаңтар айындағы оқиғалар бойынша сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.
5 қаңтарда Ақтөбеде наразы жастар облыс әкімдігінің ғимаратына басып кірді. Полицияның хабарлауынша, олар бірнеше кабинетті қиратып, тұрмыстық техниканы бүлдіріп, әйнекті ұрып, жиһазды сындырған. Бұл әрекеттер бейнебақылау камераларына түскен.
Ақтөбеде 18 адам жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық көрсеткені үшін және басқа да баптар бойынша айыпталуда. Жәбірленушілердің арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта 5 қаңтарында облыс әкімдігінің ғимаратына кірген адамдардың бірінен жауап алынды. Бейнекамерадан оның орындықты киім бөлмесінің терезесіне қарай лақтырғаны түсірілген. Алайда ол кінәсін мойындамайды. Айыпталушы алаңға өз пікірін білдіру үшін келгенін айтты.
“Мен ештеңе істемедім, өз пікірімді айту үшін бардым, көп адам болды. 2017 жылдан бастап пробация қызметінде есептемін. Егер жағдайым келісті болса, әкімдікке бармас едім. Күндік пәтер жағалаған кездерім де болды. Бәрін сипаттамаймын, өйткені бұл залда мен үшін алаңдайтындар жоқ. Мен аса ауыр қылмыс дегенмен келіспеймін. Егер мен заңсыз әрекеттер жасағым келсе, мен қара киім киіп, бетімді жасырар едім”, – деді ақтөбелік жігіт.
Оның айтуынша, әкімдік алдына өзі барған. Айыпталушы ғимаратты қиратпай, керісінше тазартуға тырысқанын атап өтті.
“Екінші қабатқа көтерілгенде, басқаларға ештеңені бұзбауын өтіндім. Бірінші қабатта егде жастағы адамдар мен менімен жастылар болды. Маған акт залынан микрофон мен динамиктер әкелсін деді. Бірақ ол жерден таппадым. Содан кейін олар жалаушаны шығаруды сұрады”, – деді айыпталушы.
Одан орындықты неге полиция қызметкерлері тұрған киім-кешек бөлмесінің терезесіне қарай лақтырғанын сұрады.
“Ондай ештеңе болмады, тек эмоцияға бой алдырдым. Полиция қызметкерлеріне қарсы ештеңе қолданған жоқпын”, - деп жауап берді сотталушы.
Алдағы күндері резонанстық іс бойынша сот отырысы өтуі керек. Сот ашық режимде өтеді.

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
