Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдайы тұрақсыз": Анна Данченко анасының қазіргі жағдайы туралы айтып көзіне жас алды

Отандық тележүргізуші Анна Данченко анасының көз алдында инфаркт алғанын айтып, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/ann_2905

Тележүргізуші дәрігерден анасын жансақтау бөлімінен, жәй палатаға ауыстырғанын естіп қуанып қалған. Алайда анасының жағдайы әлі де тұрақсыз.

“Таңда жансақтау бөліміне осындай хабарлама кедген еді. Қуанып қалған едім “әзірше жағдайы тұрақсыз” деді дәрігер. Реанимацияда ұзақ жатуға болмайды екен. Науқастар көп болған соң палатаға ауыстырды. Бүгін анама кіріп шықтым. Қандай сезімде болғанымды айта алмаймын. Ең жақын адамымның қиналып жатқанын көру – өте ауыр. Бәрі жақсы болсыншы”, – деп жазды Анна Данченко.

Тележүргізуші ағасы мен әпкесіне қарағанда ата-анасына жақын болып өскенін айтты.

“Мен болмысымнан сезімтал адаммын. Барлығын жүрегіме жақын қабылдаймын. Әсіресе ол жақындарыма қатысты болса. Ата-анамның орны мен үшін бөлек. Мен үйдің кенжесімін, ағам мен әпкеме қарағанда мен ата-анаммен көп уақытты бірге өткіздім. Былтыр әке-шешем ауылдан келгенде көбіне мен қарадым деп айтсам болады. Қазір анам қолымда болған соң оған барынша көңіл, уақыт бөлуге тырысып жүрмін. Әкем қайтқан соң анамның денсаулығы сыр берді. Менің көз алдымда инфаркт алды. Мен жедел жәрдем шақырмағанда… Алла сақтады, мен іс-сапарда емес, сол сәтте үйде болып қалдым. Жедел жәрдем уақытылы келіп, уақытылы ота жасалды”, – дейді тележүргізуші. 

Ол жолын тауып анасының жағдайын білу үшін палатаға кіріп шыққанын айтты. 

“Бүгін дәрігерден рұқсат алып анама кіріп шықтым. Негізі кіруге болмайды. Өздерінің ережелері бар. Бірақ мен де анамды көріп тыныш табу керекпін. Анам да мені уайымдап жатқан шығар. Қолдарын инемен тесіп тастапты. Күнде ине салады, анализ алады. Қолдары көгеріп кеткен. Анам  ақырын сөйлеп жатыр. Бір-екі сөз айтса дем жетпей, жүрегі соғып кетеді. Дәрілердің көмегімен жақсарып келе жатқан сияқты. Дәрігер шақырып алып: “Қазір ештеңе айта алмаймыз. Емін қабылдап жатыр” деді. Маған жазып жатқан адамдар өте көп. Достарым, таныстарым, өнер адамдары бар. Бейтаныс адамдар да көп. Анама дұға тілеп жатқан сіздерге рахмет айтқым келеді. Барлығы жақсы болады деген ойдамын. Қазір үйге кіре алмай, далада отырмын. Үйге кірсем, үй бос болып қалған сияқты. Жұмыстан келген кезде анам күліп күтіп алатын еді”, – дейді Анна көз жасына ерік беріп.

Бұған дейін Анна Данченко анасының хәл үстінде жатқанын айтқан болатын.

Талқылау