“Жағдайы өте ауыр": Оралда ойнап жүрген бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Оралда балалар алаңында ойнап жүрген тоғыз жасар бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой Город” басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 25 қыркүйекте У. Громова көшесіндегі аулалардың бірінде орын алды.
Ойнап жүрген бала құлап, жаттығу арқанына оралып қалған. Ол ауруханаға "тұншығу" диагнозымен жеткізілді.
“Ойын алаңдарында балалардың жарақат алуының негізгі себебі – ата -аналардың бақыламауы”, – деді БҚО ПД баспасөз қызметінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баланың қалалық көпбейінді ауруханада жатқанын айтты.
“Жағдайы өте ауыр. Комада. Жансақтау бөлімінде жатыр”, – деді БҚО ПБ баспасөз қызметінде.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”