Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жағдайы нашарлап барады»: Алматылық әйел өзіне ренжіген экс-күйеуінің ұлын емге жібермей отырғанын айтты

Ауыр дертке шалдығып, шетелде шұғыл ота жасату керек болған бала Қазақстан аумағынан шыға алмай отыр. Бұның негізгі салдары баланың әкесі әйеліне деген ренішінің себебінен қойған тыйым көрінеді. Енді баласын емдетуге рұқсат алу үшін алматылық әйел сот мекемелерінің табалдырығын тоздырып жүр екен. Ал аутизмға шалдыққан баласының жағдайы күн өткен сайын ауырлап жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия 1-арнасына арнасына сілтеме жасап.

Ләйлә Есенқұлованың ұлы 11 жаста. Оның ауыр диагнозы осыдан бірнеше жыл бұрын анықталған. 6 жыл бұрын Ләйлә Түркия еліне барып, баласын емдеп қайтқан көрінеді. Ол жердің дәрігерлері баланың емін тауы, оған көмектесе алыпты. Алайда елге оралған әйел баспанасынан айырылғандығы және оның күйеуі ажырасуға сотқа бергендігі жайлы хабардар болған. 

"Менің кәсіпкер-күйеуім менімен ажырасып қана қоймай, мені бар мүлкімнен айырғысы келіп отыр. Ал менің қалада барар жерім, басар тауым да жоқ", -деді Ләйлә Есенқұлова. 

Айтуынша, баланың жағдайы ауырлап кеткен кезде, оның күйеуі Қазақстаннан шығуға рұқсат бермей қойыпты. Ал жеткіншекті шұғыл түрде германиялық мамандардың тексеруінен өту қажет болған. Сотқа шағым түсіргеннен кейін ғана, ер азамат елден шығуға небәрі 6 сағатқа ғана рұқсат етіпті.

"Мен бұл қағазды елшілікке алып барсам ондағылар күлетін шығар. Ал менің бұрынғы күйеуім бірбеткейлігінен қайтпай отыр. Баламды шетелге алып барып емдеу үшін мен жолдасыммен жарты жылдап соттасып тұруым керек. Сот оны әкелік құқығынан айырудан бас тартып отыр", - деп қосты Ләйлә. 

Ананың сөзінше, оның баласының жағдайы ауырлап жатқан көрінеді. Бүгінгі күні оның ағзасында уран мен қорғасынның мөлшері көбейіп кетіпті. Егер шұғыл түрде емдеуден өтпесе, баланың өміріне қауіп төніп тұр. 

Дегенмен жолдасының адвокаты әйелдің сөзін жоққа шығарды. Оның айтуынша, ер адам рұқсатын беріп отыр, тек бала шын мәнінде шетелге емедлу үшін шыққалы отырғанына көз жеткізуі қажет екен. 

Бұған қоса Ләйлә күйінің алименттік жәрдемақы төлемей отырғанын жеткізді. Сөзінше, оның жолдасының қарызы 800 мыңға жетіпті. 

Әйел ауруға шалдыққан баласымен бірге үй жалдап тұрып жатқан көрінеді. Ал оның диплом мен басқа да жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттары бұрынғы үйінде қалып қалған. Сондықтан тұрақты жұмысқа шығу қиын болып тұр. Әйелдің сөзінше, ол жоғарғы сотқа дейін арызданып, өзінің экс-күйеуін ата-ана құқығынан айырғысы келетінін айтты.  

Талқылау