Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдай жақсарған жоқ: "Қазақстан" шахтасындағы апатты учаскені гипспен оқшаулау туралы шешім қабылданды

Төтенше жағдайлар министрлігі “Қазақстан” шахтасында өрт ошақтарының әлі жанып жатқанын мәлімдеді. Жағдай әлі жақсармаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

өрт

Қазір өрт сөндірушілер жалынның тарап кетпеуі үшін жұмыстар жүргізіп жатыр. 

“Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады. Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда”, –делінген хабарламада. 

Еске салайық, “Қазақстан” шахтасында өрт 17 тамызда басталған еді. Салдарынан 5 кенші көз жұмды. Кейін жалынның конвеер лентасынан көмірге өткені белгілі болды. 

Талқылау