Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдай тұрақталғанда қажетіміз болмай қалды": Қазақстандық рентгенолог мамандар президенттік үстемақыдан қағылдық деп шулауда

Қазақстанның бірнеше өңірінде дәрігерлер президенттік үстемақыдан қағылдық деп шулауда. Бұл жолы наразы болып отырғандар-  рентгенология және радиология бөлімдерінің мамандары. Айтуларынша, аталмыш бөлімдердің дәрігерлері ау бастан-ақ үстемақыға ие болатындардың тізіміне ілінбей қалыпты. Алайда коронавирус өршіп тұрған кезде науқастар бірінші кезекте осы ақ халаттылардың алдарынан өткен екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

дәрігерлер

Рентгенолог дәрігер Күлшара Керімбекова

Күннің суығына тұрғанына қарамастан наразы дәрігерлер өз реніш-мұңдарын айту үшін елордалық EXPO-ның маңына жианылыпты. Олар үстемақыдан неліктен қағылғандықғын денсаулық сақтау мнистрлігінің өкілдері түсіндірсін деп талап қойды. 

"Бір түсінбейтінім - министрлік бізді неге шетке ысырып қойды? Ең бірінші бұл ауруды біз диагноз қойып, анықтаймыз ғой", - дейді рентгенолог дәрігер Күлшара Керімбекова. 

Коронавирус ахуалы басталғалы бері рентгенология бөлімінің дәрігерлері мен мейірбикелері жұмыстарын атқарып келеді. Олар күніне індетті жұқтырғандарды қосқанда жүзден аса адамды тексеруден өткізіп, ауруға шалдыққаны не сау екенін анықтап, диагноз қояды. Алайда министрліктегілер мамандардың өміріне қауіп жоқ деп шешкен сыңайлы. Себебі олар үстемақы төленуі тиіс мамандардың қатарына ілінбеген.

"Күніне 120 адамнан қабылдайтынбыз. Олардың тек жиырмасы сау шығады, қалғандары ауру жұқтырған. Біз өз өмірімізді қатерге тігіп келдік. Рахмет айтқан ешкім де жоқ. Ахуал өршіп тұрған шақта керек болып, енді жағдай тұрақталғанда бізді ұмытып кетті ме сонда?"  - дейді рентген-зертханашы Әмина Түлеуленова. 

Мамандар жұмыстың ауруханаға тек өкпесі ауыр зақымдалып, COVID-19 анықталғандардың ғана жатқызу туралы денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы келіп түскен соң артып кеткенін айтады. Ал ауруға шалдыққандар бірінші кезекте рентгенге жіберіледі, дейді олар. Тіпті науқастар ауруханаға жатқызылмаса да, рентгеннен өту шарт болыпты. 

"Провизорлы орталықтар науқастардың  барлығын бірдей рентген бөліміне жіберетін. Бұл бүкіл емханаларда орын алған құбылыс. Өйткені пневмония анықталмайынша ешкімді де станционарларға жатқызбайтын", - дейді рентгенолог дәрігер Күлшара Керімбекова.

Қазақстан бойынша бүкіл рентгенология және радиология бөлімдерінің дәрігерлері үстемақы талап етуде. Ал еліміз бойынша олардың саны 400-ден асады. Қоғам белсенділері президентке хат жолдап та үлгерген. Бұл хатқа барлық зертханашылар мен мамандар қол қойып, жинап беріпті. 

"Рентгенология бөлімінде жұмыс жасайтын зертханашылардың еңбегін елемей отыр. Біз де адамбыз, біз де ауруды жұқтырып алуымыз мүмкін. Тіпті, көбіміз коронавируспен ауырдық та. Бөлінген ақшаға емделетін едік, бірақ үстемақы берілмегендіктен емге ақшаны өз қалтамыздан шығауруға тура келді. Адамдарға жәрдемдесіп, көмек қолын аяған жоқпыз. Ал алған рахметіміз осы ма?" - дейді рентген зертханашы Максим Величко.

Әзірге денсаулық сақтау министрлігі мамандардың наразылығына еш жауап қатпады. Министрдің өзі де бұл жайлы пікір білдірмепті. 

Айта кетейік, дәрігерлерге үстемақы тағайындалу ережелері бұған дейін өзгертіліпті. Енді ақ халаттылар емдеген науқастардың санына байланысты мемлекеттік төлемге ие болады. Алайда бұл өзгертулер рентгенолог мамандарға еш қатысы жоқ көрінеді. 

Қазіргі таңда 500-ден астам коронавирусқа шалдыққан қазақстандық дәрігер өтемақыға ие болған. Олардың әрқайсысына екі миллион теңгеден беріліпті. Бұл өтемақы тағы қанша ақ халаттыға төленуі керек жайлы мемлекеттік бас санитар дәрігер тіс жармады. 
 

Талқылау