Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдай шиеленісті: Бекшин Алматылықтарға үндеу жасады

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық жағдайға байланысты алматылықтарға үндеу жасады. Бекшин қаладағы коронавирустық эпидемиологиялық жағдайдың шиеленіскенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"9 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал шиеленісті. Бұл Қазақстан аймақтарының эпидемиологиялық жағдайын бағалау көрсеткіші бойынша "жасыл" және "сары" аймақтардың арасында кезектесіп отыр", - дейді Бекшин. 

Коронавирустық инфекцияның жиілігі, басқа жұқпалы аурулар сияқты, дамудың толқынды сипатына ие, соған байланысты 8 желтоқсанда Алматы қайтадан "сары" аймаққа кірді.

Денсаулық сақтау министрлігінің 8 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қалалары.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда жаңа шектеулер енгізілгені белгілі болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр