Жағдай оптимистік болжам бойынша дамуда: Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың Қазақстанда таралуының екінші толқынына қатысты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"7 қыркүйек пен 10 қарашадағы жағдайды салыстыра келе Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың соңғы екі айда оптимистік болжамға сәйкес дамып келе жатқанын айтуға болады. Яғни, қабылданған шаралардың арқасында пессимистік болжам орындалмады. Пессимистік сценарий бойынша бір айға карантин енгізілуі керек еді", - деді министр президенттің төрағалығымен өткен кеңесте.
Сонымен қатар, Цой аймақтардың жағдайына тоқталды.
"16 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика сары аймақта тұр. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы инфекция таралу қаупі жоғары қызыл аймақта тұр. Орташа қауіпті сары аймақта - Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары", - деп атап өтті Цой.
Министр қалған өңірлер салыстырмалы түрде инфекцияның таралу қаупі төмен жасыл аймақта екенін жеткізді.
Қазақстанда желтоқсан айында локдаун енгізілуі мүмкін: Министр үш сценарийді атады

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
