Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жағдай мәз емес": Алматыда неге шектеу шаралары жеңілдетілді?

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов баспасөз маслихаты барысында неге Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны көп болса да, шектеу шаралары жеңілдетіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шорановтың сөзінше, Жандарбек Бекшин өзі шектеу шараларын енгізген және шектеу шараларынан өзі бас тартқан, өзі шешім қабылдаған. Алайда денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары аурудың алдын алудың басты құралы деген ұстанымда.

"Шектеу шаралары әлемнің барлық елдерінде енгізіліп жатыр. Біз де бұл тәсілдерді қолданып көрген болатынбыз. Нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал жақсарды. Бас санитарлық дәрігердің құзыреттілігі туралы айтатын болсақ, нақты шешімді тек Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері қабылдай алады. Ал Алматы қаласы бойынша жағдайға тоқталатын болсақ, қаланың бас санитарлық дәрігері шектеу шараларын күшейту туралы өзі шешім қабылдады. Артынша ол шешімнен бас тартты", - дейді Шоранов.

ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова әр өңірдің санитарлық дәрігері карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы екенін айтты. 

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша толық ел аумағында шектеу шаралары енгізілсе, оны тек бас санитарлық дәрігер ғана жеңілдете алады. Ал, өңірлердің бас санитарлық дәрігері өздері шешім қабылдауға құлылы. Өңірлердің бас санитарлық дәрігері мұндай шешімді денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып қабылдайды. Алматыдағы жағдайға келетін болса, Жандарбек Бекшин шектеу шаралары туралы министрлікпен келіскен", - дейді Есмағамбетова. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Сәуір, 2021 16:04
Талқылау