Жаға ұстатқан видео: Қытайлық экстремалдың өлімі
Қытайлық экстремал трюк жасау кезінде көз жұмды.
Ролик желіде кең тарап кетті. 26 жастағы жігіт зәулім ғимараттың төбесіне шығып, өзін сынап көреді. Ол қабырғадан ұстанып, қайта көтеріледі. Екінші рет трюкті қайталамақ болғанда өз салмағын көтере алмай биіктен құлап кетеді. Оқиға 8 қарашада болған.
Экстремал Қытайда Юн Нин деген атпен танымал екен. Бұл оқиға жайлы оның дос қызы хабарлаған.
У Юннин осы трюктың ертесіне сүйіктісіне көңіл білдіріп, ұсыныс жасамақ болған. Ол дәл осы трюкті атқарып шыққаны үшін демеушісінен 15 мың доллардай ақша алуы тиіс екен. Қаражатты анасының емі мен өзінің тойына жұмсаймын деп жоспарлаған.
Жас жігіт бұрындары сериалдарға түскен. Жауынгерлік оқу жаттығуларымен айналысқан. Желіде оны оқитын қолданушылары көп. Ол осылайша өзінің хоббиінің арқасында ақша тауып келген.
Тағы да оқыңыз:
Әлемге әйгілі National Geographic өзбек тойының суретін үздік деп таныды