Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жадынан айырылған қыз бұрынғы сүйіктісіне қайтадан ғашық болып қалған (фото)

Джессика Шарман жадынан шығарып алған кезде небәрі 19 жаста болатын. Метрода жұмыс істейтін бойжеткеннің тырыспасы ұстап қалған.

PAY-SWNS_SHARMAN_MEMORY_08

Бұл туралы Mirror жазды.

Болған нәрселердің барлығын ұмытып қалатын Джессика ештеңеге қарамастан бұрынғы жігітіне қайта-қайта ғашық болып қалады.

Талмаға ұшыраған соң Джессика өзге түгілі, өзінің де есімін, кім екенін есіне түсіре алмайды.

Алғашқыда ол жігітін тани алмағандықтан онымен айырылысқысы келеді. Алайда 25 жастағы Рич Бишоп өзіне соңғы мүмкіндік беруін сұрап ақырында сүйіктісін көндіреді. Ақырында Джессика оған екінші рет ғашық болып қалады.

“Маған мүлдем бейтаныс адамдар мен үшін маңызсыз нәрселерді айта берді. Өзімді сондай жалғыз сезіндім. Өзім туралы, өзімнің жақсы не жаман қасиеттерім жайлы, ұнататын және ұнатпайтын құбылыстар туралы ештеңе білмедім, есіме түсіре алмадым”, – дейді ол.

PAY-SWNS_SHARMAN_MEMORY_10

Өткен жылдың 3 наурызында жадынан айырылған Джессика сол оқиғадан кейін алғаш рет өзінің ата-анасы Лиза мен Гаримен кездесті. Алайда оларды да тани алмады. Ал өзі бірнеше ай бойы кездесіп жүрген сүйіктісін ол «бөгде адам» деп мүлдем мойындамай қойды.

«Бір әйел маған үңіліп қарап тұрды, қолымнан ұстады. Оның кім екенін де білмедім, танымадым. Сөйтсем ол өзімнің анам екен. Ал мен оған немқұрайлы қараймын», – деп ағынан жарылды Джессика.

PAY-SWNS_SHARMAN_MEMORY_07

Одан кейін ата-анасы Джессикаға жігіті екеуінің бірге түскен суреттерін көрсетіп, оны қабылдауға көндірген.

«Жігітімнің көлігіне отыру үшін екеуміздің суретімізді көруге тура келгенім қызық, бұлай болады деп ойламаппын. Ата-анам мені жігітіммен оңашада қалдырды. Бірақ ол мен үшін бейтаныс жан еді, мен оны жек көріп тұрдым. Одан кейін ол мені саябаққа алып барды. Айтуынша, ол екеуміздің сүйікті мекеніміз екен. Бірақ мен оның жанында да жүргім келмеді. Ал қолымнан ұстаған кезде жалтарып кеттім», – дейді Джессика.

Онымен кездесуден бас тартқан соң Рич оған қолынан келгенше қамқорлық таныта бастайды. Джессиканың көңілін аулап, барынша тырысып бағады. Ақырында сүйіктісін сендіріп, оны өзіне қайта қаратады. Десе де Джесс өзінің 19 жыл бойғы өмірін ақыры еске түсіре алмайды.

Джессика өзінің бұрынғы сүйіктісіне қайтадан есі кете ғашық болып қалады.

PAY-SWNS_SHARMAN_MEMORY_04

“Мен отбасымның және Ричтің арқасында сауығып келемін. Өзімді жақсы сезінемін. Мені соншалықты жақын танығаны қандай жақсы болған деп ойлаймын. Қазір ол менің үйімде тұрады деп айтса да болады. Болашақта не боларын білмеймін. Ал дәл қазір бар күшімді өткен өмірімді еске түсіруге жұмсағым келеді”, – деп түйіндеді Джессика.

Дәрігерлердің айтуынша, Джессиканың талмасы қайтадан ұстап қалу қаупі бар. Яғни ол қайтадан ес-түсін жоғалтып, барлығын ұмытып қалуы мүмкін.

PAY-SWNS_SHARMAN_MEMORY_12

Жіберіп алмаңыз:

Британиялық қыз миллион ұтыс өмірімді құртты деп лотереяны сотқа берді

Дубайда ұшатын автокөлік түрі таныстырылды (видео)

Күнде қансырайтын баланың енді жыныс мүшесінен қан ағып жатыр (фото)

Испанияда орыс қызы анасы мен інісін асырау үшін жезөкшелікпен айналысқан

Талқылау