Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жадо 300 мың киім тіккен орталық пен отбасын қалдырып Астанаға көшіп жатыр

Жадыра Сахиева өзінің Алматы қаласындағы тігін цехын саудаға шығарды. Өзі қоластындағы қызметкерлерімен бірге Астана қаласына көшіп барады. Сәнгерге еліміздің бас қаласынан үлкен тапсырыс түскен сыңайлы.

15803256_1313090252086965_5847377671746486272_n

Фото: instagram.com/jado.sakhi/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Жадо ханымның шеберханасы басқа адамның еншісіне ауыспақ. 8 жыл бұрын ашылған сұлулық орталығы Жадыра Сахиеваның есімін елге танытты. Бүгінде танымал дизайнерді білмейтін адам кемде кем. Ал Jado брендімен тігілген киімдерді қазақ эстрадасының жұлдыздары жарыса киіп жүр.

“Бұл сұлулық салоны, продюсерлік орталық, кино түсіретін алаң болды. Осы жерде көптеген жұмысшы еңбек етті. Енді орталықта ешнәрсе қалмады. Тігін машиналары, үстелдер тұратын еді. Қазір шыны керек, бір түс сияқты. Бұл жерде ештеңке болмаған секілді. Құдды осы орталықты жаңадан сатып алып жатқандаймын. Көкейімде сондай бір сезім болып жатыр”, – дейді сәнгер.

Көпшілік ойлағандай, Жадо ханым банкротқа ұшырап, өз сұлулық орталығын сатылымға қойған жоқ. Дизайнер бар болғаны Алматыдан Астана қаласына қоныс аударып жатты.

“Астана қаласына жұмыс бабымен кетіп бара жатырмыз. Көбісі “5-6 айға кетіп бара жатқан шығарсыздар?” деп сұрайды. Меніңше, Астанаға тұруға бару керек. Яғни жұмыс істейміз, сосын тұрамыз. Балаларым Алматыда қалады. Оларға өзімнің әке-шешем, ата-әжесі қарайды. Астанаға екінші жанұям – ұжымыммен бара жатырмын. Солармен алдымен аяққа тұрып алу керек болып тұр. Ал балаларым жазға қарай келе жатар. Менде айтарлықтай көп пәтер жоқ. Сіздер көрген пәтерді сатпаймын”, – дейді ол.

Жадо ханымның Алматыдағы екі қабатты пәтерінен бөлек, элиталы ауданда орналасқан үйі бар. Сәнгердің осы жердегі жылжымайтын мүліктерін саудаға шығармағанына қарағанда, еліміздің астанасында тағы бір үйі бар секілді.

“Сол жақтағы тігін цехымызға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Наурыз айына қарай дайын болады. Ал өзім ұжыммен бір үйде тұратын боламын. Жалдамалы пәтерде тұрып, жас кезімізді еске түсіреміз. Қызметкерлерімнің жататын жері мен тамағын қолымнан келгенше көтеріп жатырмын. Әрине, уақытылы жалақылары да беріліп отырады. Дәл қазір менімен бірге қызметкерлерімнің 20-30%-ы бірге бара жатыр. Шамамен 20 шақты адам. ”, – дейді Жадыра Сахиева.

Сәнгердің цехында осы уақытқа дейін 200-300 мыңнан астам киім тігілген екен. Азиаданың өзінде жиырма күннің ішінде 3 000 киім тігілген.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова: Кем дегенде 5 бала туып үлгергім келеді

Баян Есентаева Жұлдыз Өмірғалидың топтан кетуінің себебін ашып айтты

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Талқылау