Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева Жұлдыз Өмірғалидың топтан кетуінің себебін ашып айтты

Баян Есентаева Жұлдыз Өмірғалидың KeshYou тобынан не себепті кеткенін ашып айтты.

15624489_1050593991719178_7963220617799401472_n

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Демалысын шетелде өткізіп келген Баян Мақсатқызы елге келе салысымен жұмысқа кірісті. Сұхбаттарының бірінде KeshYou тобының экс мүшелері туралы да айтып қалды. Өйткені бұрынғы қыздардың да өз көрермені, іздеушісі бар. Балжанмен бірге топта 2 жыл бірге өнер көрсеткен Жұлдыз Өмірғали бұл жолы бой көрсетпеді. Яғни топтың жаңа құрамынан шығып қалды. Ал ел арасында “Жұлдыз тұрмыс құрғалы жатыр екен” деп болжам жасап жүргендер көп. Енді бірі “экс әнші продюсердің қаһарына ұшырапты” сәуегейлік жасады.

“Жұлдыз – керемет қыз! Біз бірге 2 жыл жұмыс істедік. Бірақ мен продюсер ретінде қателік жіберген сияқтымын. Мен робот емеспін, қателесетін кездерім болады. Ол өте тәртіпті, тәрбиелі, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайды. Алайда ол кәсіби әнші ретінде біздің көңілімізден шықпады. Біз оған кәсіби деңгейде өсу үшін 2 жыл уақыт берген болатынбыз. Әрине, ол қолынан келгенін істеп бақты. Жұлдызға тағар еш мінім жоқ. Ол әлі күнге дейін біздің продюсерлік орталықта.

Алдағы уақытта оны актриса ретінде таныстырмақпыз. Ол жуырда телехикаяға түсті. Ары қарай оны жүргізуші, тележүргізуші ретінде сынап көрмекпіз. KeshYou тобында болу үшін мықты, гипер талантты болу керек. Яғни Жұлдыз біздің талаптарымызға сай келмеді. Мен продюсер ретінде оның жұлдызының жанған сәтін күттім. Әрине, тағы екі жыл күтсек, ол әндерді тамаша орындайтын еді. Ал бізде ондай уақыт жоқ”, – дейді Баян Есентаева. Топтан Жұлдыз Өмірғалимен бірге Ақбота Сейтмағанбет те кетті. Оның кетуіне жүктілігі себеп болған екен.


Оқи отырыңыз:

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)

Кентал ән жазып оны 10 мың долларға сатылымға шығарды

Талқылау