Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жадо үшінші рет сот отырысына келмеген Түсіпбаеваны кешірмейтінін айтты

Жадыра Сахиева Меруерт Түсіпбаеваға қатысты өз пікірін білдірді. Ол оны қандай жағдай болмасын кешірмейтінін айтты.

14606944_365722987134010_8303385321882517504_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қаңтардың 18-і күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сот залында Меруерт Түсіпбаева мен Жадыра Сахиеваның ісі қаралды. Алайда үшінші рет өтіп отырған сот отырысына кейінгісі келмей қалды.

Бұл жолы Меруерт Түсіпбаеваның сот залына келмеуіне қорғаушысы себеп болған екен. Дәлірек айтсақ, қорғаушысының анасының жүрек талмасы ұстап қалған. Осыған орай, сот төрағасы Теміржан Құдабаев сот отырысын кейінге қалдырды.

Әншінің осы әрекетін ескеріп Жадыра Сахиева оны кешірмеуге шешім қабылдаған. “Маған бір-екі күнде үлкен кісілер қоңырау шалған. Біздің әнші апайларымыз Меруертпен сөйлесіпті, “кешірім сұраймын” деген әңгімелер болды. Шынымды айтсам, менің сөзім жоқ. Мен оны кешірмейтінімді айтқым келеді”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Небәрі жарты сағаттың ішінде барлық тісімнен айырылдым

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)

Динара Бақтыбаева не себепті құрбысының жігітімен төсектес болғанын түсіндірді

Сәнгердің қорғаушысы Меруерт Түсіпбаеваны сотқа күштеп әкелуді талап етті

Талқылау