Нұрғали Нүсіпжановтың тойы: Жұбайлар тойда торт кесу рәсімін жасап, бір-бірінің қолынан дәм татты
Журналист Жадыра Сейдеш өзінің үйлену тойында сөз алды. Тілеулес ағайынға алғысын айтты.
"Менің бар байлығым да, бақытым да көкешім. Тілеулес болып келген ағайынға, қонақтарға басымды иіс алғысымды айтам", - деді ол.
Қалыңдың көпшілікке басын иіп, құрмет білдірді. Нұрғали Нүсіпжанов екеуі торт кесу рәсімін жасап, бір бірінің қолынан торттан дәм татты.
Алайда бұл тойға тілек айтқан ағайыннан, сын айтқандар саны көп. Желі қолданушылары 80 жасында отау құрған әншіні ісін құптамаса, енді бірі ұрпақ қалдырудың қазақта бұрыннан бар дәстүр екенін айтып ақтады.
"Төсек жаңғырту, ұлы адамдардан ұрпақ алу деген қазақта бар дәстүр. Одан ешкім кем болмайды. Тағдырды сынға алмайық", - деп жазды кейбір желі қолданушылары.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн