Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жадын жоғалтқан қазақстандық әжей үйін іздеп 40 шақырым жүріп өтті

Солтүстік Қазақстан облысында жадын жоғалтқан 75 жастағы әйел іздестірілді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 21 тамызда Петропавл қаласының тұрғыны полицияға 1945 жылы туған анасы шамамен сағат 10-да үйінен кетіп, содан қайтып оралмады деген арызбен жүгінген. Жоғалған адамның есте сақтау қабілетінің төмен екені белгілі болды.

"Полицияның кешенді күштері дереу іздеуге бағытталды. Келесі күні бағдарлар аудандық бөлімшелерге жіберілді. Бірінші кезекте іздеу жұмыстары әйелдің пайда болуы мүмкін жерлерде: Жұмысшы кентінде, Жас Өркен шағын ауданында шоғырланған. Іздеу аймағы саяжай қоғамдарын қамти отырып кеңейтілді",-деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Lider.kz" қоғамының еріктілері мен бей-жай қарамайтын қала тұрғындары әжені іздеуге белсенді түрде қосылды.Іздеу туралы хабарландырулар барлық қалалық басылымдарда жарияланды.

Әйел бес күннен кейін Петропавлдан 40 шақырым жерде табылды.

"Қорықшы Максим Петров Мамлютка аудан орталығының жанындағы орман учаскесін аралап жүріп, қарт әйелді көрген. Әжей әбден қалжырап, өзінің кім екеніне және қайда бара жатқанына жауап бере алмаған. Қорықшы дереу ол туралы табиғат қорғау полициясының қызметкеріне хабарлады. Әйел оның бағыты бойынша анықталды", - деп хабарлады полиция.

Ол аудандық полиция бөліміне жеткізілді, онда әйел демалды. Хабарды алған Петропавл полиция басқармасы мен жоғалған азаматтың туыстары дереу Мамлюткаға кеткен.

Әйелдің өзі бес күнді қайда өткізгенін айта алмады. Табылған адамдардың туыстары полицияға және еріктілерге алғыс айтты.

STAN.KZ
Бейсенбі, 27 Тамыз, 2020 08:35
Талқылау