AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жабылудың алдында тұр: Мейрамхана иелері Ауыл шаруашылығы министрлігінен қант беруді сұрады

Қазақстанда мейрамхана иелері қанттың қымбаттауына байланысты жұмыстарында қиындықтар туындағанын мәлімдеді. Қант тапшы болғандықтан, мәзірдегі тағамдар да дәмді болмайды екен. Олар мейрамхана иелерінің ассоцияциясынан қолдау көрсетулерін сұрапты, дегенмен нақты жауап ала алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

қант

Мейрамхана иелері ассоциациясының өкілдері қоғамдық тамақтану саласының пандемияға дейінгі деңгейге қайта көтеріле алмай жатқанын мәлімдеді. Қазір дұрыс жұмыс істеуге қант мүмкіндік бермей отыр екен. Кейде қант мүлде болмай қалады немесе өте қымбат бағада сатылады дейді.

"Әйтеуір амалдап жатыр, қантты қалай болмасын сатып алады. Қазір баға да бұрынғыдай емес, қымбаттап кеткен. Келісі 750-800 теңгеден сатылып жатыр", – деді "Қазақстан мейрамхана иелерінің клубы" ассоциациясының басшысы Гүлнара Катибаева. 

Ірі мейрамханалар бұл мәселені еңсеруі мүмкін екен. Ал кофеханалар мен кондитерлік мекемелердің жағдайы мүлде басқа. Мысалы, 5 кофеханасы бар мекеме аптасына орта есеппен 150 келі қант қолданады. Қазір екі жергілікті желі жабылу алдында тұр екен.



"Қант кез келген дәмхана мен мейрамханада қолданылады. Дастарханда ең бірінші қойылатын наннан бастап. Тіпті қант қосылмаса, ашытқылар да көмектеспейді. Қант көптеген соустарда, етті маринадтауда, дәмдеуіштерде пайдаланылады", – деді халықаралық класстағы бас аспаз Александр Смехнов. 

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері елде тұрақтылық қорларындағы қантқа ғана сұраныс артқан дейді. Себебі бағасы арзандау. Сондықтан алып-сатарлықтың алдын алу үшін шектеулі түрде сатылып жатыр. Ведомство өкілдері отандық зауыттарда қанттың тоқтаусыз өндіріліп жатқанын айтып сендірді. Облыс әкімдерінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша 26 мың тонна қант қоры бар. 

"Қазір қант барлық сауда орындарында және базарларда нарықтағы бағамен сатылып жатыр. Маусымда қант қызылшасынан өндірілген қант 38 мың тоннаға жетті, шілдеде 37 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар аймақтарды қантпен қамтамасыз ету бақылауға алынды", – деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев. 

Мейрамхана иелері министрліктен "ақ алтын" бөлуді сұрайды. Кәсіпкерлер қанттың тек өндірістік мақсатта керек екенін атап өтті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр