СҚО-да ұлы мен қызын құтқармақ болған әкенің өзі суға батып кетті
Отбасымен жабайы жағажайға келген 37 жастағы ер адам суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ефремка ауылының маңында болған. Рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген ер адамның ұлы мен қызын бір сәтте қатты ағыс алып кетіпті. Мұны көрген әкесі бірден көмекке ұмтылып, құтқарып қалған. Өкінішке қарай, өзі өзеннен шыға алмады.
Құтқарушылар оны кеш батқанша іздеген. Іздеу шаралырының нәтижесінде, сүңгуірлер мәйітті жағадан 30 метр жерден тауып алыпты.
"Күші таусылған ер адам екінші баласын құтқарып жатқанда, мен батып бара жатырмын деген айқайлаған дауысы ғана естілді. Бұл шомылуға тыйым салынған жер. Осы маңнан 300 метр жерде суға түсуге рұқсат етілген жағажай бар. Олардың неліктен тыйым салынған жерге барып шомылғаны белгісіз", - деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Атығаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”