Пәтерге өрт қойған: Қарағандыда алты жыл бойы кездескен ер адам тұрғынның соңына түскен
Қарағандыда келіншек алты жыл бойы кездесіп келген сүйіктісі балалары мен өзіне қиянат жасай ма деп үреймен күн кешуде. Мекен-жайы түгілі атын ашық айтуға қорқып қалған тұрғын, бұл адамның тіпті жалдап жатқан пәтеріне өрт қойып кеткенін алға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Светлана қазір қай жерде тұратынын, тегін айтудан қорқады. Тіпті балаларын мектепке жіберуге алаңдайды екен. Себебі алты жыл бойы кездескен ер адамы оған қысым көрсетуде.
Басында ол Светлананы бірге тұруға шақырған. Алайда бір аптадан соң Светлана оның түрлі қылықтарына төзбей кетіп қалған. Сол кезден бөлмелесі тарапынан қудалау әрекеттері басталған.
"Ол мені өзіне меншіктеп алғандай сезінеді. Тіпті мені басқара бастады. Осылайша жанжал шыға бастады. Ал мен мұндай өмірге төзе алмадым. Әсіресе балаларымның көзінше осындай әрекеттерге барғанына шыдамадым”,- деді Светлана
Бірнеше күннен соң Светлананың жалға алған үйі өртеніп кеткен. Ал көршілердің бейнебақылау камерасынан Светлананың бұрынғы сүйіктісінің пәтерге кіріп, шыққаны түсіп қалған. Үйде газ баллоны болған. Ал дәл қабырғаның артында тұратын көршілер жазым бола жаздаған. Ер адамға жаза ретінде тек бір айға әйел мен балалардың қасына жақындауға тыйым салынған.
Қарағанды облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлбану Сәттаева
отбасылы болар алдын жұп таңдағанда, оның қандай екенін толықтай зерттеуге шақырды.
Адвокат Шырын Әмірғалиеваның айтуынша, қазіргі заң тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғай алмайды. Ер адам қанша құқық бұзса да, әйел тек жаңа арыз ғана жаза алады.
“Мұндай қиянатшылар дер кезінде тоқтамайды. Жауапқа да тартылмайды. Соның салдарынан бізде өзін-өзі қорғаудың шегінен шығып, өз мен балаларын қорғау үшін күйеуін абайсызда өлтіретін әйелдер бар. Нәтижесінде, олар өлтіргені үшін ұзақ мерзімге түрмеге отырып жатады”,- деді Шырын Әмірғалиева.
Заңгер осы тұста "Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы" заң әлдеқашан ескіргенін және әлі де қатаң шаралар қолданысқа енгізу керек екенін алға тартты.