Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрсін Ерман: Теріс ағымдағылар айтыскерлерді өз мақсатында пайдалануға көшті

Жастарға үлгі боларлық тұлғаларды идеологиялық құрал ретінде пайдалану Сәләфтардың басты мақсаты дейді  спортшы Бахтияр Артаев. Артаев мырза бұған дейін спортшылардың жат ағымда кетіп жатқанын айтып дабыл қаққан еді.

Экс-спортшының бұл пікірін ақын Жүрсін Ерман қос қолымен қолдайды.  Өйткен Сәләфтар айтысқа да қол соза бастапты.

«Айтыс деген халыққа өтімді өнер. Соны радикалдық топтар пайдаланғысы келетін секілді. Сәуір айынан бері өңірлерде 16 айтыс өткіздік.

Солардың жеңімпаздарын шақырып, марапаттайын деп тұрған кезде ҚР Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы нұсқау беріп,  одақ басшылығын радикалды ағым мүшесінің қолына берді. Біз мұны түсінбей қазір алаң болып жатырмыз»,-дейді Жүрсін Ерман.

Осыдан 5-6 жыл бұрын айтыс телеарна экрандарынан түспейтін. Қазір керісінше көрінбей кетті. Төл өнерімізді насихаттауда Радикалды ағымдардың кері ықпалы бар дейді Жүрсін Ерман. Олардың ықпалына журналистер былай тұрсын, биліктегі лауазымды тұлғалардың өзі бағынады екен.

«Біздің елде әртүрлі деңгейдегі билік өкілдігінде  көрінбейтін адамдар отыр. Олар сол өздерінің теріс саясатын жүргізгісі келеді. Елбасының саясатын бұрмалап, қоғамды жіктеушілер солар.

Бұлар  Павлодар, Оңтүстік, алматы облысында ғана емес. Жоғары билікте, аса құзыретті органдарда солар отыр»,-дейді Жүрсін Ерман.

Оқи отырыңыз:

Ирак ДАИШ-пен соғыс аяқталды деп мәлімдеді

Британиялық әйел қайтыс болған әкесінің мәйітінің күлінен ойыншық жасап, анасына тарту еткен

Тамақты тез шұқып жейтін үйрек желі қолданушыларын күлдірді (видео)

Талқылау