Жүргізуші өзін тоқтатпақ болған полицейді көлік капотында бір жарым шақырымдай сүйреткен
Бейсенбі күні Озерскіде (РФ, Челябі облысы) ВАЗ-2106 актокөлігінің жүргізушісі өзін тоқтатпақ болған полицейді бір жарым шақырымдай өзінің капотында сүйреткен. Салдарынан инспектордың басы зақымданып, қолдары жарақаттанған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Тергеу органдары тәртіп сақшысы зардап шеккен жол оқиғасынан кейін қылмыстық іс қозғады.
РФ ІІМ өңірлік ММ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл күні жол-патрульдік қызмет жасағы тәртіп бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған. Алайда алкогольді ішімдік ішкен жүргізуші тоқтамақ түгілі, бір жарым шақырымға дейін заң қызметкерін өз көлігінде сүйреткен.
Кейіннен 22 жастағы жеңіл көлік жүргізушісінің мас күйде болғаны анықталды. Тәртіп бұзушы қолға түсіп, тұтқындады.
Оқиғаның 1 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 5:30-да болғаны анықталды.
Жіберіп алмаңыз:
Барак Обама президент ретінде елімен қоштасты (видео)
Ресейлік атышулы қанішер 59 құрбанының денелерін қайда жасырғанын көрсетті
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін