Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүнісова: Ата-анасына бала Димашты шаршатып тойға сүйрейбермеңдер дегем

Мақпал Жүнісова Димаш Құдайбергеновті 15 жасында көрген кезде-ақ үлкен талант иесі екенін байқаған. Тіпті бірде  оның ата-анасын тойда көріп қалған әнші ақылын да аямапты. Бұл туралы әнші Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

makpal

«Алғаш рет Димашты Ақтөбедегі тойлардың бірінде көріп қалдым. Әке-шешесі ән айтқызып жүр екен. Жасын сұрастырсам, енді 15-ке толыпты. Содан Света мен Қанатқа «Димаш өтпелі кезеңде екен. Баланың даусын күту керек. Қинап, күш салуға тура келетін әндерді орындатпаңдар» деп айтқаным», бар. Димаш туғаннан әннің не екенін, музыканы көріп өскен бала ғой»,- дейді әнші.

Мақпал Жүнісова Қытайдағы байқаудан кейін Димашты барша халық танып, өнеріне қызығатындар саны көбейгеніне дән риза.

«Димаш расымен де өте талантты. Табиғи ерекше дауыс иесі. Әрі оны клип түсіріп, эфирлерден шықпай жүріп емес халықаралық жарыста әлем мықтыларына мойындатты. Ерлік. Димаштың бұл жеңісі әке-шешесінің, өзінің талмай, қажымай еткен еңбегінің жемісі»,-деді әнші.

Оқи отырыңыз:

Түсіпбаева айтқандарын мойындай отырып Жадодан кешірім сұрады (видео)

Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті

Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Бокс аңызы Рой Джонс Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады (видео)

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау