Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жүргізуші куәлігін сатып алған” қыз полицейлерден кешірім сұрады

Жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған Алматы облысының тұрғыны тәртіп сақшыларынан кешірім сұрады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

17309553_1518185541524812_6135295142021038962_n

21 жастағы қыздың айтуынша, ол жүргізуші куәлігі бланкісіне жасалған төлемді көріп шатастырып алған. Ол бұл қуанышымен әлеуметтік желіде бөліскен болатын. Ол осы сыйлық үшін әкесіне алғыс айтқан.

Алайда ол жазба келесі күні өшіп кетті. Әйгерім Фазылваның өзі де әлеуметтік желіден ұшты-күйлі жоғалды. Әкесі қаладағы ауруханалардың бірінде қызмет істейді екен.

Белгілі болғандай әкесі сол күні қызымен бірге облыстық ІІД-ге барған. Қыз болса жүргізуші куәлігін беру процедурасын толыққанды түсінбеген. Ал қоғам оны мүлде басқаша түсінді.

“Олардың сатып алдым деп отырғаны ол жасалған төлемді шатастырған. Жүргізуші куәлігі бланкісіне 2838 теңге төлейді. Ал кассада төлемді әкесі жасаған”, – деді облыстық ІІД ЖПҚ басшысы Алпысбай Рахымов.

Полицияның айтуынша, Әйгерім Фазылова емтиханды екінші мәрте тапсырған. Қараша айында ол сынақ тапсырып, жеткілікті балл жинай алмаған. Дәлел ретінде ІІД тіпті монтаждалған, сапалы бейнежазбаны да ұсынды.

ІІМ қазір бұл жағдайға қатысты тексеруді әлі жүргізіп жатыр. Бірақ оның қорытындысына қарамастан Әйгерім емтиханды қайта тапсырмайды. Егер 21 жастағы автоәуесқойдың заңды жолмен алғаны белгілі болса, ештеңе істелмейді. Ал егер заңсыз сатып алынғаны айқындалса онда құжаттың күші жойылады.

Талқылау