Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қандай тағамдарды тұтыну арқылы жүрек ауруының алдын алуға болатынын білесіз бе? (фото)

Ғалымдар зерттеу нәтижесінде келтірген мәліметтерінде жаттығу жасап, алкоголь мен темекіден бас тартып, денсаулыққа пайдалы тағамдар жеген адамның қартайған шағында жүрек ауруына шалдықпайтынын айтады.

1469360122_produkty-poleznye-dlya-serdca

Бұл тцралы nz1.ru хабарлайды.

Осы тұрғыда жүректің сау болуы үшін пайдалы тағамдар тізімін ұсынамыз.

1469359859_avokado

Авокадо

Авокадоның құрамында холестеринді төмендетіп, қан айналымын жақсартатын майлы қышқылдар бар. Сондай-ақ жемістің құрамындағы қысымды қалыпта ұстауға көмектесетін, ер адамдарды жүрек қан тамыры аруларына шалдықтырмайтын магнии бар.

1469359778_sparzha

Қояншөп

Қояншөптің құрамында қан айналымын жақсартатын, К витамины мен калий бар. Қояншөп те қан құамындағы холестеринді азайтады.

1469359756_temnyy-shokolad

Қара шоколад

Мамандар адамдарға аптасына 2-3 реттен шоколад жеуге кеңес береді. Шоколад инсульттің алдын алады. Алайда шоколадтың какаосы 70 пайыздан жоғарылары ғана пайдалы.

1469359715_zhirnaya-ryba

Майлы балық

Ғалымдар майлы балықтың жүрек ауруына шалдықтыратын коронарлық кальцификация қаупін төмендетуге көмектесетінін айтады. Мамандар балықты аптасына тым болмағанда 1-2 рет жеуге кеңес береді.

1469359661_chesnok

Сарымсақ

Сарымсақ тамаққа дәм беріп қана қоймай, холестеринді төмендетуге, қан айналымын жақсартуға көмектеседі. Соның ішінде жаңа піскендері жүрекке пайдалы көкөністер қатарына жатады.

1469359648_kapusta

Орамжапырақ

Орамжапырақта жүрекке оң әсерін тигізеді. Оның жапырақтары жүректің жұмысын жақсартатын витаминдерге толы.

1469359575_chechevica

Жасымық

Жасымық құрамындағы талшықтар мен фолий қышқылы мен магний жүректің  жұмысын жақсартып, оның ауруына жол бермейді. Бұл көкөніс сорпасын аптасына 2-3 рет ішуге кеңес беріледі.

1469359488_orehi

Жаңғақ

Грек жаңғағын күнделікті тұтыну жүрек ауруынан көз жұматындар қаупін 29 пайызға төмендетеді. Жаңғақ құрамында омега-3 дәрумені жүрек ырғағын жақсартады.

1469359457_olivkovoe-maslo

Зәйтүн майы

Зәйтүн майының құрамында түрлі май қышқылы бар. Майлы балық секілді зәйтүн майы да жүрек ауруының алдын алады. Сондай-ақ зәйтүн майының құрамында Е витамині бар.

1469359409_apelsiny

Апельсин

Апельсин шырыны да жүрек дертіне көмектесетін жемістің бірі. Бұл жеміс те қан қысымын қалыпта ұстайды.

1469359354_goroh

Асбұршақ

Асбұршақтар артық салмақтан арылуға, жүрек жұмысын жақсартуға көмектеседі.

1469359288_pomidory

Қызанақ

Қызанақ құрамында С витамині мен ликопиндер бар. Дәрігерлердің айтуынша, томат соустары да қызанақ секілді пайдалы. Сондықтан арнайы концервация жасап, қыс бойы ішуге кеңес береді.

Жіберіп алмаңыз:

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрынғы белгілер

Жүректің амандығы үшін күн ыстықта не істеу керек?

Талқылау