Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүнісова елге күйеуімен бірге жүрген бақытты сәттерінің видеосын көрсетті

Ұзақ жазбаларын бөліспесе де, Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына архивтегі суреттері мен видеоларын жиі жүктейді. Бұл жолы ол марқұм Заманбек Нұрқаділов және Мерей үшеуі түскен видеосын бөлісті.

1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2005 жылдың 12-ші қарашасында Заманбек Нұрқаділовтың басына және кеудесіне екі оқ тиіп қайтыс болған-ды. Тергеушілер оның осылайша өзін-өзі өлтіруіне отбасындағы кикілжіңдердің әсер еткенін айтқан. Алайда Мақпал Жүнісова мұны әрдайым жоққа шығарып келеді.

Бүгінде ол тату-тәтті отбасы болғандарының дәлелі ретінде архивтегі видеосын бөлісті. Аталған видеода жұбайлардың қыздары Мерейді еркелетіп, ойнатып жатқан сәті таспаланған.

Видеоны көрген тыңдармандары әншіге тағы да көңіл айтып, қызы үшін бекем болуы керектігін тілге тиек етті.

“Мақпал әпке, Мерейіңіз үшін мықты болыңыз! Заманбек ағамызды ажалынан бұрын өлтіргендерді құдайдың өзі жазалайды. Шындықтың түбі ашылады. Өйткені Заманбек ағамыз бәрібір де тарихтың бір бетінде қалады. Дәл АҚШ президенті Кеннеди секілді”, – дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова салмағы 43 келі болған кездегі суретін көрсетті

Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтің бірінші отбасы өзіне күн көрсетпей жүргенін айтты

Мақпал Жүнісова: Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ

Әнші Бүркіт Мақпал Жүнісованың ұлына берген көрімдігінің көлемін айтып мақтанды

Талқылау