Жүкті қазақ әйелдерінің жартылай жалаңаш суреттері желідегілерді ашуландырды (фото)
Аяғы ауыр қазақстандық әйелдің суреті желідегілерді шулатты.
Фото: facebook.com
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Желіде бірнеше топта жүкті әйелдердің жартылай жалаңаш түскен суреттері жарияланды. Бар мәселе суреттегі келіншектердің ұлтында болып тұр. Яғни желі қолданушылары мұндай жартылай жалаңаш суреттердің қазақ қыздарына жат екенін айтып жатыр.
Бірнеше сағат бұрын жарияланған суреттерге лүпіл басылып, жарыса жағымсыз пікірлер жазылды. “Әйелдер әуретін жауып көшедегі еркектердің көзіне түспеуі тиіс. Әр әйел еріне әдемілігін көрсетуі тиіс”, “Санасының жоқтығынан ашық-шашық жалбырап, бір фотосессия жасатып отырған сияқты. Қазіргілерде не ұят, не бет жоқ”, “Көз тиіп қалмасын балаға, мәңгүрт”,
“Ертеде қазақтың қыздары орамал тақпаған, хиджаб кимеген дейтіндер осындайларды неге көрмейді. Бұрын күйеуге шыққан қыз іші шыға бастаған кезде, әкесінің үйіне барудан да ұялатын”, “Біз кезінде аяғымыз ауыр екенін білдіртпеуге кең көйлек киіп, үлкен адамдардың көзіне түспеуге тырысушы едік. Әсіресе, оқушыларымнан ұялатынмын. Заман өзгерді деген осы шығар”, “Ұят-ай, біз екі қабат кезімізде ішіміз үлкейіп бара жатыр деп ыңғайыссызданып, ата-енеміздің көзіне түспеуге тырысатын едік” деп жазады желі қолданушылары.
Суреттегі бойжеткеннің әзірге кім екені белгісіз.
Мұнымен қатар, жеке суретті жариялауға жазба авторының құқығының бар-жоғы да беймәлім. Суретті желіге Нәдира Сәрсенбаева есімді қолданушы жариялады.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылған карикатура авторын сотқа бермек
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)
Астаналық төрт жасар бала күн санап қартайып бара жатыр (фото)
Автобус қағып өлтірген әйел қазақстандық әншінің әжесі болып шықты