Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті әйел өртеніп жатқан үйден той көйлегін алып шықпақ болған

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртенгеннен кейін тұрғындарды құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшерген екен. Алайда ерлі-зайыптылар той көйлеген алып шығу үшін үйіне қайтып барған, – деп хабарлайды АВС телеарнасына сілтеп Stan.kz.

Екі баланың анасы Ленэй Бавероның айтуынша, өрт кезінде бар ойы өзінің той көйлегінде болып, қатты уайымдаған екен. Оның өмірінде той көйлегі үлкен маңызға ие әрі әйел оны балаларына мұраға қалдырмақ.  Айта кетсек, бұл уақытта әйел үшінші сәбиіне жүкті болған екен.

«Біз бірге көп нәсрені бастан өткердік. Той көйлегінің өмірімдегі маңызы зор. Сондықтан балаларымызға біздің өткенімізден естелік ретінде той көйлегімді мұраға қалдырғым келеді», – дейді әйел.

Ерлі-зайыптылар көйлектен бөлек, қажетті құжаттарды, балалары салған суреттер мен киімдерді алып шыққан екен. Олардың сөзінше, ерлі-зайыптылар үйден шыққан кезде, өрт үйлеріне жақындап қалған екен.

Оқи отырыңыз:

2018 жылдың ең сәнді түсі анықталды

Мәжіліс депутаты: Біз халқы кедей тұратын бай мемлекетпіз

Қазақстанда қандай жағдайда балалар үшін жәрдемақы төленеді

Тұмау диагнозы қойылған 20 жастағы қыз көз жұмды

Талқылау