Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ақшасыз қалған зейнеткер 10 сағат жол жиегінде жүрген: Оған өтіп бара жатқан ер адам көмектесті

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық зейнеткер Шымкенттен Қарағандыға қарай он сағаттан астам жаяу жүрген. Шаршап-шалдыққан зейнеткер, ақшасыз жол жиегінде кете берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның есепшоттары шағын несие ұйымының алдындағы қарызына байланысты бұғатталып, белгісіз біреулер оның зейнетақысын алып кеткен. Сәті түсіп, оны жолдан өтіп бара жатқан жүргізуші байқаған. Не болып жатқанын білу үшін ол артқа қайта айналып келіп, мән-жайды сұраған.



"Осындай жаста адамның көмексіз, ақшасыз жалғыз жүргенін көру өте ауыр тиді", – дейді Нұржан Махамбетов.

Ер адам Түркістан облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы болып шықты. Ол нотариус Мадиярова және сот орындаушысы Алымовпен бірге қарияның есепшотына қол жеткізуіне және атқару парағын жоюға көмектескен.

"Сіз адамдарды бір себеппен кездестіресіз. Не олар сіздің өміріңізді өзгертеді, не сіз оларды өзгертесіз", – деді Махамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін балаларға би үйрететін 76 жастағы қостанайлық қария желі жұлдызына айналғаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 17:55
Талқылау