Зейнетақы қорындағы ақшаның жұмсалуы тағы түсінбестік туғызды
Бірыңғай зейнетақы мен Міндетті медициналық сақтандыру қорларының қаржысы талан-таражға түсу қаупі жоғары. Депутаттар бүгін Үкіметтен қор басшыларының әр тиын үшін жауапкершілігін заңмен бекітуді сұрады. Себебі, қыруар қаржы бюджеттің жыртығын жамауға жұмсалуы мүмкін деген күдік бар, деп хабарлайды КТК арнасы.
Оның үстіне халық зейнетақысының табысы 2016-да инфляциядан аса алмай, қор таза шығынға ұшырағанымен, ешкім жауапқа тартылмапты. Ал одан бір жыл бұрын, зейнетақы қоры Ұлттық банкке тиімді басқарды деген желеумен 20 миллиард теңгені комиссия ретінде ұстата салған. Анығында, банк тек өз міндетін орындаған. Тіпті қор табысын еселеп көрсетіп, топ-менеджерлеріне сыйақы таратқан дейді халық қалаулылары. Енді осындай бейберекетсіздік Міндетті медициналық сақтандыру қорын да жайлауы мүмкін. Сондықтан депутаттар екі қордағы халық ақшасының жұмсалып, сақталуының ашықтығын талап етті. Қаржының қайда құйылғанын да қор өз сайтында жариялауы тиіс.
«Халықтың миллиардттары түсініксіз тәсілмен басқарылып отыр. Салымшыларды болар іс болып, ақша жұмсалып кеткеннен кейін ғана хабардар етеді. Бұлай бара берсе, бұл ұйымдар халық сенімінен мүлдем айырылады», – дейді Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская.
Жіберіп алмаңыз:
Назарбаев – кәсіпкерлерге: Халықпен ақшаларыңнан кішкене бөлісіңдер
Жүрсін Ерман Елбасыға: Айтыс ақындарының арқасынан қағып қойсаңыздар
Димаш Құдайберген Ассамблея сессиясында сөз сөйледі
Депутат Петропавл вокзалының Мәскеу уақытымен жұмыс істейтініне наразылық білдірді