Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақының бір бөлігін алу кезінде туыстар бір-бірімен келісім-шартқа отыра алмайды

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланған жағдайда жақын туыстарының арасындағы тұрғын үй келісім-шарттарына тыйым салынады. Бұл туралы "Отбасы" банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл шаралар жалған келісім-шарттарды болдырмау үшін жасалып жатқанын айтты. Осылайша туысқандар арасындағы мәмлеге тиым салынды. 

"Яғни, мен өз бауырларымнан, ата-анамнан, ата-әжемнен үй сатып ала алмаймын. Бұл ережелердің сақталуы арнайы механизм арқылы сипатталатын болады", - деді Ләззат Ибрагимова.

Ол не себепті мұндай жүйе енгізілгенін түсіндіріп берді. 

"Мысалы, менің жұбайымның пәтері бар делік. Мен артық зейнетақы жинағымды алып,жұбайымнан пәтерді сатып аламын. Бірақ ақша бәрібір отбасында қалады. Бұл жолмен тұрғын үй мәселесі шешілмейді. Оған қоса, туыстар арасында жан-жал туындауы да мүмкін. Сондықтан жақын адамдар бір-бірімен келісім-шартқа отыра алмайды", - деп қосты "Отбасы" банкінің басшысы.

Ол «Отбасы Банктің» көптеген басқа бағдарламаларында жақын туыстар арасындағы операцияларға тыйым салулар бар екенін атап өтті.

Талқылау