Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 300 миллиардтан астам теңге бөлінеді

Зейнетақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 300 миллиардтан астам теңге бөлінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл қаражат макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға бағытталады.

"Осы қаражат есебінен 1 сәуірден бастап әлеуметтік төлемдерді индекстеу және шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты шығыстарды жабу жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 315,6 миллиард теңге бағытталады", - деді Смайылов.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2020 09:02
Талқылау